Ақтөбеде ер адамды бірнеше сағат бойы ұрып-соғып, көлігін біреудің атына рәсімдеуді талап еткен
Бейнеден кадр
Ақтөбеде бопсалау күдігімен бір топ адам ұсталды. Бұл туралы Orda.kz өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтөбе облысы ПД-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына 38 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ол өзін бір топ адамның заңсыз ұстап, мүлкін бопсалағанын айтқан.
«Алдын ала мәлімет бойынша, бес күдікті жәбірленушінің танысына оның банк картасынан ақша аударылды деген сылтаумен, өздеріне тиесілі автокөлікті қайта рәсімдеуді, сондай-ақ ақша беруді талап еткен», деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД.
Тергеу нұсқасына сәйкес, күдіктілер ер адамды көлік ішінде заңсыз ұстап, бірнеше сағат бойы оған күш қолданып, заңсыз талаптарын орындатуға мәжбүрлеген.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері арнайы бөлім сарбаздарын тарта отырып жүргізген операция нәтижесінде барлық бес күдікті анықталып, ұсталды.
Аталған факт бойынша бопсалау дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сонымен қатар ұсталғандардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық