«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Тәшиев пен жақтастарына сот үкімі шықты
Фото: 24KG
Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиевке сот үкімі шығып, оған төрт жыл мерзімге пробациялық бақылау белгіленді, деп хабарлайды Orda.kz.
Онымен бірге іс бойынша айыпталғандар қатарында бұрынғы бас прокурор Құрманкұл Зулушев, Жогорку Кенештің экс-спикері Нұрланбек Тұргұнбек уулу, сондай-ақ Тәшиевтің жақтастары Бекболот Талғарбеков, Аалы Қарашев, Эмиль Ұзақбаев, Кұрсан Асанов және Кұрманбек Дыйканбаев бар. Олардың барлығына да төрт жыл мерзімге пробациялық бақылау тағайындалды.
Сот үкіміне сәйкес, айыпталушылардың әрқайсысы төрт жылға бас бостандығынан айырылғанымен, жаза шартты түрде пробациямен алмастырылды. Егер олар пробациялық бақылау талаптарын бұзса, қамауға алынуы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін мемлекеттік айыптаушы барлық айыпталушыларды тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.
Қамшыбек Тәшиев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың жақын серігі саналып, соңғы бес жыл ішінде елдегі ең ықпалды тұлғалардың бірі ретінде танылған.
Істің басталуына «75-тің хаты» түрткі болған. Ақпан айының басында саясаткерлер мен қоғам қайраткерлерінен құралған 75 адам президент Садыр Жапаров пен сол кездегі парламент спикері Нұрланбек Тұргұнбек уулуна үндеу жолдап, кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынған. Осы хат жарияланғаннан кейін келесі күні Ташиев қызметінен босатылған. Сол уақытта ол Германияда ем қабылдап жатқан еді.
Айыпталушылар тағылған айыптарды мойындамайды. Тәшиев бұған дейін МҰҚК басшысы қызметінде жүріп, Садыр Жапаровты қолдайтынын және өзі президенттік сайлауға қатыспайтынын мәлімдеген.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық