ҰҚК шекарашылары бір айда заң бұзған бес мыңнан астам адамды ұстады
Фото: gov.kz
ҰҚК Шекара қызметі 2026 жылғы маусым айындағы жұмысының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бір ай ішінде шекара маңында Қазақстан заңнамасын бұзған 5281 адам ұсталды. Оның 4493-і — шетел азаматтары.
Сондай-ақ шекарашылар тауарлар мен жүктерді заңсыз тасымалдаудың 1476 фактісінің жолын кесті. Жалпы қаражат — 4,3 млрд теңге.
Анықталған құқықбұзушылықтардың ішінде:
- есірткіге қатысты 32 факт;
- қару мен оқ-дәрі тасымалдаудың 66 фактісі;
- көлемі 45 тоннадан асатын жанар-жағармайды заңсыз тасымалдаудың 708 фактісі;
- халық тұтынатын тауарлар бойынша 2,1 млрд теңгеден астам қаражат бойынша 489 факт;
- 2,2 млрд теңгеден астам сомаға валютаны заңсыз алып өтудің 181 фактісі бар.
Сонымен қатар Каспий теңізінің акваториясында браконьерліктің 27 фактісінің жолы кесілді. Құқықбұзушылардан 24,7 шақырым браконьерлік ау құралдары және жалпы салмағы 658 келі болатын бекіре тұқымдас балықтың 94 данасы тәркіленді.
ҰҚК мәліметінше, алдын алынған залал көлемі 285 млн теңгеден асты.
Ведомство дерегіне сәйкес, Шекара қызметі 50 қылмыстық іс қозғады. Сондай-ақ өндірісте 3526 әкімшілік іс бар, олар бойынша 36 млн теңгеден астам айыппұл салынған.
Қалған фактілер бойынша материалдар процестік шешімдер қабылдануы үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық