«Tarlan Astana» болып өзгертілген LRT–да өрт шықты
Коллаж Orda.kz
Астанадағы Сығанақ көшесінде, «Бәйтерек» пен «Сығанақ» станцияларының аралығында орналасқан LRT желісінде өрт болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Астанада LRT желісінің құрылыс нысандарының бірінде өрт шықты. Оқиға Есіл ауданындағы Сығанақ көшесінде, «Бәйтерек» және «Сығанақ» станцияларының арасында сағат 13:31 шамасында болған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, алдымен LRT мамандары электр желісін толықтай кернеуден ажыратқан. Осыдан кейін ғана құтқарушылар өртті сөндіру жұмыстарына кіріскен.
Өртті ауыздықтау кезінде мамандар Vario Carbon автономды арқа құрылғысын пайдаланған. Жалын шарпыған аумақ шамамен 1 шаршы метрді құрады. Қазіргі уақытта өрт толықтай сөндірілді.
Ведомствоның мәліметінше, оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Еске салайық, жуырда Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қаулысымен елордадағы Astana LRT жобасының ресми атауы «Tarlan Astana» болып өзгертілген болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық