Франция жұрты кондиционерге таласып, жаппай төбелесіп, дүкендерге басып кіріп жатыр
Бейнеден кадр
Аптап ыстықтың күшеюіне байланысты Францияда кондиционер мен желдеткіш сатып алу барысында жанжал шығып, соңы жаппай төбелеске айналып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Lidl дүкендер желісі 200 мың дана климаттық техника сатылымға шығарылғанын жариялағаннан кейін, дүкендерде ұзын-сонар кезек пен адам кептелісі қалыптасты.
Нантер қаласының маңында жүзден астам адам дүкенге басып кіріп, есігін бүлдірген. Сен-Жермен-ан-Ле қаласында сөрелер бірнеше минуттың ішінде босап қалған.
Париждегі дүкендердің біріне 400 адамға небәрі екі кондиционер ғана жеткізілген. Бұл сатып алушылардың наразылығын туғызып, тәртіпті қалпына келтіру үшін көзден жас ағызатын газ қолданылған.
Бұл жағдайды саясаткерлер де 2027 жылғы сайлау қарсаңында өз мақсаттарына пайдалануда. Марин Ле Пен елді кондиционерлермен кең көлемде қамтамасыз етуге шақырса, оның қарсыласы Жан-Люк Меланшон мұны мәселені ушықтыратын жалған шешім деп бағалап, оның орнына ғимараттарды сапалы жылу оқшаулаумен қамтамасыз етуді ұсынды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық