Тексеріс болады: Блогер Сәуле Базархан қайтыс болған клиникада 2020 жылы тағы бір жас әйел өмірімен қоштасқан
Коллаж Orda.kz
Жақында пластикалық хирургия клиникаларының бірінде блогер әрі кәсіпкер Сәуле Базарханның қайтыс болғаны халық арасында резонанс тудырды. Бұл аталған медициналық орталыққа қатысты алғашқы қайғылы жағдай емес екені белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
2020 жылы осы клиникада липосакциядан кейін тағы бір жас әйел көз жұмған. Ол кезде мекеме басқа атаумен жұмыс істеген. Бұл ақпаратты денсаулық сақтау министрлігі растады.
Сол жағдайдан кейін клиника пластикалық операция жасау лицензиясынан айырылған. Алайда кейінірек иелері заңды тұлға ретінде қайтадан тіркеліп, қажетті құжаттарды қайта алып, сол мекенжайда жұмысын жалғастырған, тек атауын өзгерте салған. Белгілі болғандай, егер клиника талаптарға сай болса, заң бұған тыйым салмайды.
Енді денсаулық сақтау министрлігі Сәуле Базарханның өлімінен кейін қайта тексеріс бастайды. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіповтің айтуынша, марқұм Сәуле Базархан көз жұмды делінген пластикалық хирургия клиникасына тексеріс осы аптада басталады.
«Заң бойынша алдымен тексерісті прокуратура тіркеуі қажет. Қазір осы рәсімдер жүргізіліп жатыр, олар аяқталған соң тексерісті бастаймыз», – деді Жүсіпов.
Бұған дейін кейбір БАҚ 2020 жылы осы клиникада липосакция кезінде төрт баланың анасы болған жас әйелдің қайтыс болғанын жазған. Ол кезде марқұмның туыстары әлеуметтік желілерде кінәлілердің жауапкершіліктен құтылып кетпеуін талап еткен. Журналистер полицияның ресми нұсқасы бойынша, өлімге дәрігерлердің кәсіби емес әрекеттері себеп болғанын хабарлаған. Кейін клиника резонансты оқиғадан соң заңды тұлға ретіде атауын өзгерткені белгілі болды.
«Бұл ақпарат расталады. Клиника бұрын да осы мекенжайда жұмыс істеген, бірақ атауы басқа болған. 2020 жылы онда липосакциядан кейін өлім фактісі тіркелген», – деді комитет басшысы.
Оның айтуынша, сол жағдайдан кейін тексеріс басталған. Алдымен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы санитарлық қорытындыны кері қайтарған. Сонымен қатар Алматы қаласының медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті сотқа лицензияны қайтарып алу туралы талап арыз берген. Нәтижесінде клиника пластикалық операция жасау құқығынан айырылған.
Жүсіповтің сөзінше, бастапқыда лицензияны Алматы қаласының әкімдігі берген, кейін құжаттар қалалық кәсіпкерлік басқармасы арқылы қайта рәсімделген. 2021 жылдан бастап лицензия беру денсаулық сақтау министрлігінің медфармбақылау комитеті департаменті арқылы өткен.
«Осыдан кейін жаңа заңды тұлға тіркеліп, иелері жаңа талаптарға сәйкес қайта лицензия алған. Клиника сол мекенжайда жұмысын жалғастырып, тек атауын өзгерткен», – деді ол.
Заң бойынша, егер денсаулық сақтау субъектісі барлық талаптарға сәйкес келсе, лицензия алып, медициналық қызмет көрсетуге құқылы.
Қазіргі таңда Қазақстанда пластикалық операция жасауға лицензиясы бар 295 клиника жұмыс істейді. Оның 247-сі жекеменшік, 48-і мемлекеттік мекемелер.
Соңғы бес жылда мұндай медициналық ұйымдарға 92 жоспардан тыс тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде лицензиялық талаптардың бұзылуы, стандарттардың сақталмауы, сондай-ақ тиісті рұқсатсыз медициналық қызмет көрсету фактілері анықталған. Әдетте мұндай тексерістер пациенттердің шағымдары немесе өлім жағдайларынан кейін басталады.
Комитет өкілдерінің айтуынша, алдағы уақытта профилактикалық бақылау күшейтіледі. Денсаулық сақтау министрлігі ақпараттық жүйелер арқылы клиникалар қызметі, рұқсат құжаттарының болуы, материалдық-техникалық жабдықталуын тексермек.
Сондай-ақ лицензияларды әр бес жыл сайын қайта беру мәселесі де қарастырылуда. Бұған дейін лицензиялар мерзімсіз беріліп келген. Алматы қалалық полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Еске салсақ, Сәуле Базарханның туыстары оның 15 мамыр күні Алматыдағы жекеменшік клиникада липосакция операциясынан кейін көз жұмғанын хабарлаған. Операция жергілікті анестезиямен жоспарлы түрде жүргізілген.
Туыстарының айтуынша, бірнеше сағат бойы дәрігерлер науқастың жағдайы туралы ақпарат бермеген, ал қайтыс болғаны кейін ғана хабарланған.
Марқұм Сәуле Базархан оқиға болар күні жұмысынан сұранып барған. Орталыққа онымен бірге бір туысы еріп барған. Бірақ бір жарым сағатқа жоспарланған ота ұзаққа созылып, біраз уақыттан соң дәрігерлер ары-бері жүгіріп әбігерге түсе бастаған.
Сол жерде тұрған туысына ештеңе айтпаған.Тек арада үш сағат өткенде клиникадағылар жедел жәрдем шақыртады. Қаралы хабарды туыстары жедел жәрдем қызметкерлерінен естиді.
Алматыда пластикалық ота жасау кезінде қаза тапқан Сәуле Базарханның туыстары Smart Beauty Clinic клиникасының әрекетін зерттеп, қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауды әлі де талап етіп жатыр.
Отбасының айтуынша, оларға липосакция туралы нақты түсініктемелер мен медициналық құжаттар әлі берілмеген. Олар сондай-ақ варикоз туралы ақпаратты өлім себебі ретінде жоққа шығарады және клиниканың операцияны кімнің жасағанын анық көрсетпегенін айтады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Шахматшы Бибісараға қатысты дауға министрлік жауап берді
- Тоқаев АҚШ президентінің арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады
- Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева президенттен көмек сұрады
- Парсы шығанағы елдері Иранның Иордания, Кувейт және Бахрейнге жасаған шабуылдарын айыптады
- Қарасай ауданы сусыз қалды: Тұрғындар жылда қайталанатын мәселе әбден мезі қылғанын айтты
- Қазақстандағы несиелерге не болып жатыр: Ұлттық банк жағдайды түсіндірді
- Арқалықтық блогер әйелдерге қатысты жыныстық қылмыстар үшін 10 жылға сотталды
- Батыс Қазақстан облысында үш жасөспірім көз жұмды
- 20 жыл бойы «қара тізімде» болған Қырғызстан үшін Еуропа аспаны ашылды
- Тергеудегі Тәшиев көпшілік алдына шығып Жапаровты мақтады
- Сүйіп, порно көрсетті: 15 жастағы қыз атасы жасаған анайы қылықтарды айтып берді
- АҚШ Иранға қарсы жауапты соққы берді: Ормуз бұғазындағы шиеленіс күшейді
- WornerBros фильмдерін ақшаға көрсетіп, қаржы пирамидасын ұйымдастырған адам сотталды
- Маңғыстаудағы жартас мешітінің тарихи келбеті қалпына келтірілді: Пластик терезелер мен есіктер алынып тасталды
- Қазақстанда іздеуде жүрген 371 шетелдік анықталды, 107 адам ұсталды
- NASA: Artemis III – адамзаттың Айды қайта игеру жолындағы маңызды миссия
- Сталкингке қарсы заң жобасы: Қыз алып қашу — дәстүр ме, қылмыс па?
- Иран СІМ АҚШ әскери күштерін аумақтан тезірек әкетуге шақырды
- Судья Айгүл Сайлыбаеваның туыстары кісі өлімінің жан түршігерлік жай-жапсарын айтты
- Сарбаз оқпанда қалған пулемет оғынан қаза тауып, офицер 4 жылға сотталды