Залал көлемі 72 миллиард теңге: Екі мыңнан астам лауазымды тұлға жауапқа тартылды
Фото: ҚР ІІМ
Ішкі істер министрлігі азаматтардың құқықтарын қорғау және жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеу бағытындағы қылмыстық істерді тергеу кезінде екі мыңнан астам лауазымды тұлға жауапқа тартты, деп хабарлайды Orda.kz.
Ведомство мәліметінше, бұл жұмыс азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға, қылмыстық істерді тергеу кезінде заңдылықты сақтауға, келтірілген залалды өтеуге, кінәлілердің жауапкершіліктен жалтармауын қамтамасыз етуге және құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Қазіргі таңда жыл басынан бері тергеліп жатқан істер бойынша мемлекеттік органдарға, мекемелер мен ұйымдарға шамамен 45 мың ұсыну жолданған.
Оларды қарау нәтижесінде қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бойынша нақты шаралар қабылданған. Атап айтқанда әлеуметтік тұрғыдан қолайсыз аудандарда, сауда орындары мен ойын-сауық мекемелерінде қосымша екі мыңға жуық бейнебақылау камерасы орнатылған.
Жол-көлік оқиғалары жиі болатын 155 қауіпті учаскеде инфрақұрылым жақсартылып, жарықтандыру жүйелері, бағдаршамдар, жол белгілері мен таңбалар қойылыпты. Сондай ақ 56 нысанда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, күзет жүйелері жаңғыртылған, білім беру ұйымдарында 60-тан астам профилактикалық іс-шара өткізілген.
«Сонымен қатар қайталап қылмыс жасаған шартты түрде сотталған сегіз адам жазасын өтеу үшін бас бостандығынан айыру орындарына жіберілді. Заңсыз қызметпен айналысқан төрт субъектінің жұмысы тоқтатылып, 15 кафе мен түнгі клубтың жұмыс уақытына шектеу қойылды. Мысал ретінде Павлодар қаласындағы лаундж-барлардың бірінің қызметі биылғы қаңтарда болған бұзақылық фактісіне байланысты уақытша тоқтатылды» деп жазылған хабарламада.
Қарағанды облысында Ақсу-Аюлы – Балқаш автожолында жолаушылар автобусы өртеніп, салдарынан кішкентай баланың қаза табуына қатысты оқиға бойынша тергеушінің ұсынуымен барлық жолаушылар автобустарына тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде 199 жүргізуші мен автобус иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 55 адам салонды арнайы рұқсатсыз жатын орынға бейімдегені үшін жазаланды.
Ұсынуларды қарау қорытындысы бойынша қылмыс жасауға жол берген әрекетсіздігі үшін екі мыңнан астам лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ оларды қарау бойынша шара қабылдамағаны үшін 500-ден астам адам әкімшілік жауапқа тартылған.
Жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеуге ерекше назар аударылған. Бүгінгі таңда аяқталған қылмыстық істер бойынша залал көлемі 72 млрд теңгеден асып, оның 34 млрд теңгеден астамы өтелген. Мәселен, Астанада интернет-алаяқтық дерегі бойынша 111 жәбірленушіге келтірілген 140 млн теңгеден астам шығын толық өтелді.
Залалды өтеуді қамтамасыз ету мақсатында жалпы құны 29 млрд теңгеден асатын мүлікке тыйым салынды. Атап айтқанда, Алматы облысында алаяқтық ісі бойынша екі ЖШС-нің 28 жылжымайтын мүлік нысанына, жалпы құны 7 млрд теңгеден асатын активтерге тыйым салынған.
Сонымен қатар азаматтарды әлеуметтік қолдау тетігі — Жәбірленушілерге өтемақы қоры жұмыс істейді. Өтемақы алу құқығы қылмыстың 124 түрі бойынша қарастырылған, төлем мөлшері 30-дан 50 айлық есептік көрсеткішке дейін. Қор жұмыс істей бастағалы бері бес мыңнан астам жәбірленушіге 831 млн теңгеден астам төлем жасалған.
Жас мамандарды тарту және ерте кәсіби бағдар беру мақсатында 2019 жылдан бері заң факультеттері студенттеріне арналған дуальды оқыту бағдарламасы іске асырылып келеді. Қазіргі таңда жоғары оқу орындарымен 40 меморандум жасалып, 1524 студентті біріктіретін 47 студенттік клуб жұмыс істейді. 100-ден астам түлек оқуын аяқтаған соң ішкі істер органдарында қызмет етуді жоспарлап отыр.
ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Самат Айысовтың айтуынша, жүргізіліп жатқан жұмыстар құқықбұзушылықтардың алдын алудан бастап жәбірленушілердің шығынын өтеуге және болашақ кадрларды даярлауға дейінгі кең ауқымды қамтиды. Бұл шаралар профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттырып қана қоймай, азаматтар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық