Тоқаев құқық қорғау органдары қызметін сынға алды

cover Фото: aqorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтарын қорғау жүйесі өкілдерімен кездесу өткізді. 

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, іс-шараға Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттар құқықтары жөніндегі уәкіл Светлана Жақыпова, Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов, Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов қатысты.

Тоқаев сот пен құқық қорғау жүйесінің мінсіз жұмысын қамтамасыз ету қажет екенін айтты. 

«Азаматтардың сот шешіміне, қадағалау және құқық қорғау органдары қызметіне арыз-шағымы көбейіп барады. Жұрт құзырлы органдардан әділдік таба алмаған соң Президент Әкімшілігіне арызданады. Осындай өтініштердің саны азаяр емес. Келіп түскен арыздар сараптамасы соттың, полицияның және прокуратураның қызметіне қатысты шағым өте көп екенін көрсетеді. Бұл – аса маңызды мәселе. Оны шешуге сіздер тікелей атсалысуларыңыз қажет. Уәкілдердің жұмысына ешкім кедергі келтірмеуі керек. Прокуратура, Үкімет және әкімдер бұл мәселені күн тәртібінен шығару үшін оларға барынша қолдау көрсетуге тиіс», -  деді мемлекет басшысы.



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар