Смайылов жазғы Универсиада жеңімпаздарымен кездесті

cover

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов 28 шілде мен 8 тамыз аралығында Қытайдың Чэнду қаласында өткен ХХХІ Дүниежүзілік жазғы Универсиада жеңімпаздарымен кездесті, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Қазақстанның студенттер құрамасында 11 спорт түрінен 90 спортшы қатысып, нәтижесінде құрама команда жалпы медальдық есепте 119 елдің арасынан 20-шы орынды иеленген. 

«Қазақстандықтар сіздердің жеңістеріңізді мақтан тұтады. Сіздер Қытайда еліміздің абыройын асқақтаттыңыздар», -  деді Смайылов.


Сондай-ақ ол қазір еліміздің спорты  жаңа есімдерге, яғни даңқты спортшылардың орнын басатын спортшыларға мұқтаж екенін айтты.

Кездесу барысында Үкімет басшысы ХХХІ Дүниежүзілік жазғы Универсиада жеңімпаздарына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар