Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек пен қайтарымсыз грант төңірегінде шу шықты
Фото: Дилара Иса / Orda.kz
3 қазан күні Шымкенттегі қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына жиналған бірнеше әйел қайтарымсыз грант пен атаулы әлеуметтік көмек алу үшін мекеме қызметкеріне берген ақшаны қайтаруды талап етті. Орталық басшысы қол астында жұмыс істеген қызметкердің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын айтып, оның ақша алғаны алмағанын заң шешеді деді.
Гүлжан Сарқұлованың тоғыз баласы бар. Ол бұған дейін атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құжаттарын өзі тапсырған.
- Ақша берсеңіз, мекеме қызметкері құжаттарды өзі реттейді дегенді естідік. Туысым 60 мың теңге беріп, біз сияқты орталық арқылы банктен көмек алды. Соған сендім де, құжаттарды жинауға денсаулығым көтермеген соң сәуір айында мен де ақша бердім. Әр балаңа ай сайын 20 мың теңгеден жылдың аяғына дейін көмек ақшасы түсіп отырады деді. Содан бері дым жоқ, - дейді көпбалалы ана.
Сарқұловамен бірге бес туысы атаулы әлеуметтік көмектен бөлек қайтарымсыз грант алу үшін бас-аяғы 1 миллион теңгеден астам ақшаны жинап, орталықта көмекші болып жұмыс істеген Әсем Сүттімбековаға беріп аузы күйген. Сарқұлова сияқты Сүттімбековаға туған-туыс, тамыр-таныстарынан ақша жинап берген тағы алты әйел халықты жұмыспен қамту орталығына барып, шу шығарды. Олар «қол астындағы жұмысшы басшының рұқсатынсыз жұрттан мұндай көлемде ақша алуы мүмкін» емес деп, орталық басшысы Шағдат Әсеттен берген ақшаны қайтаруды талап етті.
- Сүттімбекованың заңсыз ақша алғанын шілде айының соңында білдім. Ол атаулы әлеуметтік көмек беру бөлімінде жұмыс істеген. Қазір тегеу жүріп жатыр, - дейді орталық басшысы.
Атаулы әлеуметтік көмек және қайтарымсыз грант алу үшін «ақша сұраған» деген шағымда орталық басшысының орынбасары Айгүл Жанбосынованың да аты аталған. Оның қатысы бар, не жоғы туралы тексеру басталған. Тергеу басталғанда Жанбосынова денсаулығына байланысты өз еркімен жұмыстан босатылған.
Орталықтың қауіпсіздік қызметі Сүттімбекованың үстінен 27 адам арызданғанын, «Алаяқтық» бабымен қылмыстық іс қозғалғанын айтады. Арызданғандардың кейбірі 27 миллион теңге көлемінде ақша бергенін көрсеткен.
Авторы: Дилара Иса, Шымкент
Жаңалықтар
- Алматы облысында екі баланың анасы көлік қағып қаза тапты
- Отандық баскетболға 100 жыл: Тоқаев FIBA президентін қабылдады
- Бірі қабірде, бірі мүгедек: Екі адамды қаққан 21 жастағы жүргізушіге апелляция сот шешімі қандай?
- Алматыдағы электр өшуіне Канье Уэсттің қатысы жоқ – Энергетика министрлігі
- Атырау МӨЗ-де өрт шықты
- Арменияда экс-президент Роберт Кочарян мен оның ұлы ұсталды
- ОСК қорытындысы: Ең көп мандатты «Әділет» партиясы иеленді
- Башар Асад режимінің бұрынғы мүфтиі өмір бойына бас бостандығынан айырылды
- Қазақстанда көмір тапшылығы болмауы үшін үкімет ЖИ-ге жүгінеді
- «Сұңқар» трамплиндері ісі: Алматы соты Ерлан Сариевті ақтады
- «Қалқаман» метро станциясы қашан ашылатыны белгілі болды
- Шымкентте спорт шеберін азаптап өлтірді деген алты адамның соты басталды
- Ұлттық экономика министрі 2029 жылға дейін болжам жасады
- Атырау облысында ер адам жүкті әйелін аяусыз соққыға жыққан
- ШҚО-да 13 жастағы қыз байлаулы аттың арқанына соғылып, қаза тапты
- Қазақстанда электрсамокатшыларға заң күшейді: Енді тротуарда жүруге болмайды
- Қостанайда енесі мен келіні жанжалдасты: Іске полиция араласты
- Тоқаев ақын Марфуға Айтқожаны 90 жасқа толуымен құттықтады
- Жаһандық жылыну: Дүниежүзілік мұхит температурасы 50 жыл бұрынғы рекордтан асып кетті
- ЕҚЫҰ Қазақстандағы сайлауды бақылаудың алғашқы қорытындысын жариялады