ШҚО-да 13 жастағы қыз байлаулы аттың арқанына соғылып, қаза тапты

cover ЖИ көмегімен жасалды

Шығыс Қазақстан облысында 13 жастағы қыз мототехникамен келе жатып, байлаулы тұрған аттың арқанына соғылып, оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қыз мототехниканы өзі басқарған. Онымен бірге болған 15 жастағы жолаушы қыз ауруханаға жеткізілді.

Жылқы тұрғын үй маңындағы бағанаға байланған. Қыз аттың тартылған жібіне соғылып, ауыр жарақат алған. Полиция жылқының иесін анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Абайсызда адам өліміне әкеп соққан факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция малды автожолдардың маңында жаюға және айдап өтуге болмайтынын еске салды. Сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларға көлік құралдарын басқаруға тыйым салынған.

Оқи отырыңыз: 

Қостанайда енесі мен келіні жанжалдасты: Іске полиция араласты

Қазақстанда электрсамокатшыларға заң күшейді: Енді тротуарда жүруге болмайды

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар