Тоқаев ақын Марфуға Айтқожаны 90 жасқа толуымен құттықтады
Фото: Әлеуметтік желіден
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, қоғам қайраткері, ерекше дарын иесі ретінде халық құрметіне бөленген Марфуға Ғалиқызын 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Orda.kz Ақордаға сілтеп.
Мемлекет басшысы жеделхатта ақын ғибратты ғұмырын ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамытуға, қазақ поэзиясының өрісін кеңейтуге арнағанын атап өткен.
«Қазақтың дархан даласы мен тамыры терең тарихын, ұлтымыздың ынтымақ-бірлігі мен салт-дәстүрін өршіл де сыршыл өлеңдеріңізге арқау еттіңіз. Оқырман қауым жырларыңызды сүйсініп оқиды және өзіңізді «Қазақтың жыр Аққуы» деп ардақтайды. Алдағы уақытта да өнегелі өміріңізбен өскелең ұрпаққа үлгі болып, ел-жұрттың ортасында сый-құрметке бөлене беруіңізге тілектестігімді білдіремін» деп жазылған құттықтауда.
Марфуға Айтқожа 1956 жылы Құлжа әйелдер педагогикалық гимназиясын, 1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіреді. Араға біраз жыл салып Мәскеудегі Жоғары әдебиет курстарын оқып алады. «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан мұғалімі» газеттерінде қызмет атқарған.
Халық Марфуға Айтқожаны жыр аққуы десе, бауырлары, жақындары Біраға деп атайды екен, ал ақынның шын есімі Маруа. Қажы атасы Меккеге барған кезде Маруа деген тауды көрген екен. Сонда қарт Айтқожа өмірге қыз бала келсе атын Маруа қойыңдар деп айтып кетіпті. Тіпті, әкесі ақынның бала кезіндегі суретінің артына Маруа-Марфуға деп жазып қойған екен.
«Көгілдір Дунай» өлеңдер кітабы үшін Николай Васпаров сыйлығының (1979), «Аңсау» өлеңдер жинағы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының (2002) лауреаты. Қазақ әдебиетіне қосқан қомақты үлесі үшін Кембридж университетінің «2007 жылдың халықаралық кәсіпқойы» атағына ие.
2009 жылы президент жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің құрметті профессоры. Болгарияның «Достық» медалімен марапатталған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық