Атырау МӨЗ-де өрт шықты
Фото: Ақ жайық
Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) төтенше жағдай болып, кейін өрт шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлеуметтік желілерде Атырау мұнай өңдеу зауытындағы өрттің фотосы мен видеолары таралып жатыр.
UPD. Кәсіпорындағы жағдайға қатысты «АМӨЗ» ЖШС баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.
«Сағат 12:35-те жабық типтегі механикалық тазарту құрылыстарының тұндырғышында өрт шықты. Оқиға кезінде нысанда ешқандай жұмыс жүргізілген жоқ. Тұндырғыштың ішінде жиналған мұнай қалдығы өртеніп жатыр. Өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Зауыт штаттық режимде жұмысын жалғастыруда», деп хабарлады АМӨЗ.
ТЖМ мәліметінше, 25 тамызда сағат 12:55-те «112» пультіне Атырау мұнай өңдеу зауытының аумағында түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Нысанның ерекшелігі ескеріле отырып, ТЖМ күштері мен құралдары жоғары шақыру дәрежесі бойынша оқиға орнына дереу жіберілді.
Өртті сөндіруге ТЖМ, «Семсер өрт сөндіруші», АТМА әуежайы және NCOC компаниясының өрт сөндіру-құтқару қызметінен шамамен 65 адам мен 19 бірлік техника жұмылдырылды. Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп, тартылған барлық күштер мен құралдардың іс-қимылын үйлестіру ұйымдастырылды. Сағат 13:42-де өрт оқшауланып, оттың одан әрі таралуына жол берілмеді. Қазіргі уақытта өрт толығымен сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда. Жағдай бақылауда.
Оқи отырыңыз:
ОСК қорытындысы: Ең көп мандатты «Әділет» партиясы иеленді
Башар Асад режимінің бұрынғы мүфтиі өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық