Шымкентте спорт шеберін азаптап өлтірді деген алты адамның соты басталды
Бейнеден кадр
Шымкентте 40 жастағы күрестен спорт шебері Василий Колесниковты жол-көлік оқиғасынан кейін бір топ адам көлікке күштеп отырғызып, қала сыртындағы елді мекенге апарып өлтіріп тастаған іске қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды Orda.kz.
КТК арнасының мәліметінше, оқиға Шымкентте 20 қаңтарда болды, екі көлік соқтығысып, жүргізушілер жол үстінде жанжалдасқан. Артынша оқиға орнына бірнеше ер адам келіп, жаппай төбелес басталған. Жанжалдың бір бөлігі видеоға түсіп қалған екен. Төбелес кезінде ер адамдар Василий Колесниковты көлікке күштеп отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен. Қорғау тарапы бұл оқиғаны жол апатынан кейінгі кездейсоқ жанжал емес, алдын ала ұйымдастырылған қастандық деп санайды.
Туыстар пен полиция Колесниковты бірнеше сағат бойы іздеген. Кейін оның денесі Шымкент маңынан табылды, тергеу мәліметінше, марқұмның денесінен азаптау белгілері анықталған.
Мемлекеттік айыптаушы Мұхтар Арыстановтың айтуынша, күдіктілер Колесниковқа аса қатыгездікпен бірнеше рет соққы жасаған.
«Олар қатты доғал затпен, сондай-ақ кесетін қасиеті бар өткір затпен бірнеше рет соққы жасаған. Денесіне келтірілген жарақаттардың өлімге әкелуі мүмкін екенін түсініп, оның өлімін қалап, қасақана өмірін қиған», – деді прокурор.
Іс бойынша алты адам сот алдына келді, тағы екі күдіктіге іздеу жарияланған. Іс бойынша сот талқылауы жалғасып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Павлодарда ер адам тротуардың астындағы қайнаған суға құлап, күйіп қалды
Алматыда тұрғын үйдегі өрттен бір адам қаза тапты, тағы төртеуі ауруханада
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық