Жаһандық жылыну: Дүниежүзілік мұхит температурасы 50 жыл бұрынғы рекордтан асып кетті
Фото: Шетелдік БАҚ-тардан
22 тамызда Дүниежүзілік мұхит бетінің орташа температурасы 21,1 градус Цельсийге жетіп, 1979 жылдан бері спутниктік бақылау жүргізілген кезеңдегі ең жоғары көрсеткіш тіркелді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Жерді қашықтан зондтау және картографиялау қызметі Copernicus мәлімдеді.
«Дүниежүзілік мұхит бетінің орташа температурасы бақылау тарихындағы ең жоғары деңгейге жетіп, 2024 жылғы наурызда тіркелген алдыңғы рекордтан (21,09 градус – еск.) асып түсті. Климаттың өзгеруін бақылау қызметі 22 тамызда тіркелген 21,1 градус көрсеткішті рекорд ретінде растады» деп жазылған хабарламада.
Copernicus мамандары жаңа рекорд мұхиттың орташа температурасының ұзақ мерзімді өсу үрдісіне сәйкес келетінін атап өтті. Бұл көрсеткіш Тынық мұхитында байқалып отырған «Эль-Ниньо» құбылысымен де байланысты. Аталған құбылыс мұхиттың батыс бөлігіндегі су температурасының жоғарылауымен сипатталады.
Климатологтар рекордтың дәл осы уақытта тіркелуіне де назар аударды. Әдетте Дүниежүзілік мұхиттағы ең жоғары жылу деңгейі Оңтүстік жарты шардағы жаз аяқталғаннан кейін, наурыз-сәуір айларында байқалады.
Сонымен қатар биыл теңіз суының температурасы күн сайын дерлік жаңа рекорд жаңартып келеді. Мамандардың пікірінше, бұл жағдай Дүниежүзілік мұхиттың барлық аумағында тұрақты жылыну үрдісі байқалып отырғанын көрсетеді.
«Бұл рекорд Дүниежүзілік мұхитқа түсіп жатқан қысымның артып келе жатқанының тағы бір белгісі. Эль-Ниньо мұхит жүйесіне қосымша жылу береді. Алайда бұл адам әрекетінен туындаған жаһандық жылынумен қатар жүріп жатыр. Мұхит температурасы көтерілген сайын теңіз экожүйелері мен жағалауда тұратын халық үшін қауіп те арта түседі», – деді Орта мерзімді ауа райын болжау жөніндегі Еуропалық орталықтың стратегиялық жоспарлау жөніндегі директоры Саманта Бёрджесс.
Мамандар мұхит температурасының көтерілуі теңіздегі тіршілікке, экожүйелердің тұрақтылығына және жағалаудағы елді мекендерге ұзақ мерзімді қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертеді.
Бұған дейін 2026 жылғы маусым және шілде айларында Батыс Еуропада ауа температурасы бойынша жаңа рекордтар тіркелгені хабарланған болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық