Ұлттық экономика министрі 2029 жылға дейін болжам жасады
Фото: Үкімет
Қазақстанның ЖІӨ-нің орташа жылдық нақты өсімі 2027–2029 жылдары 5%-дан жоғары болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Болжамның базалық нұсқасына сәйкес, номиналды ЖІӨ 2027 жылғы 199,3 трлн теңгеден 2029 жылы 245 трлн теңгеге дейін өседі.
Экономикалық өсім негізінен мұнайға қатысы жоқ секторлардағы өндірістің артуы есебінен қамтамасыз етіледі. Өңдеу өнеркәсібінің өсім қарқыны тау-кен өнеркәсібінен жоғары болады деп күтілуде. Бұл ретте металлургия, машина жасау, құрылыс материалдарын өндіру, химия және тамақ өнеркәсібі негізгі үлес қосады.
Серік Жұманғариннің айтуынша, жыл сайынғы өсімі кемінде 5% болатын ауыл шаруашылығы да экономиканың негізгі драйверлерінің біріне айналады.
Құрылыс саласында да өсім күтіліп отыр. Көлік-логистика, энергетика, су, тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту есебінен саланың өсім қарқыны 2027 жылғы 16%-дан 2029 жылы 17,3%-ға дейін жетеді деп болжануда.
Қызмет көрсету саласында сауданың орташа жылдық өсімі 5,7%, көлік және қоймалау саласында 10,4%, ал ақпарат және байланыс саласында 9,2% болады деп күтілуде.
Сыртқы сауда да өседі
Сыртқы сауда балансы оң болып қала береді. Тауарлар экспорты 2027 жылғы 82,8 млрд доллардан 2029 жылы 88,5 млрд долларға дейін өседі. Импорт көлемі осы кезеңде 80,5 млрд доллардан 88,4 млрд долларға дейін ұлғаяды.
Инфляция төмендейді
Болжам бойынша, 2027 жылы инфляция 7,5–9,5% деңгейінде болады. Ал 2028–2029 жылдары оның 6–8%-ға дейін төмендеуі күтіледі.
Осылайша, Үкіметтің болжамынша, алдағы үш жылда экономиканың негізгі өсімін өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс және қызмет көрсету салалары қамтамасыз етеді.
Оқи отырыңыз:
ШҚО-да 13 жастағы қыз байлаулы аттың арқанына соғылып, қаза тапты
Қостанайда енесі мен келіні жанжалдасты: Іске полиция араласты
Жаңалықтар
- «Сұңқар» трамплиндері ісі: Алматы соты Ерлан Сариевті ақтады
- «Қалқаман» метро станциясы қашан ашылатыны белгілі болды
- Шымкентте спорт шеберін азаптап өлтірді деген алты адамның соты басталды
- Ұлттық экономика министрі 2029 жылға дейін болжам жасады
- Атырау облысында ер адам жүкті әйелін аяусыз соққыға жыққан
- ШҚО-да 13 жастағы қыз байлаулы аттың арқанына соғылып, қаза тапты
- Қазақстанда электрсамокатшыларға заң күшейді: Енді тротуарда жүруге болмайды
- Қостанайда енесі мен келіні жанжалдасты: Іске полиция араласты
- Тоқаев ақын Марфуға Айтқожаны 90 жасқа толуымен құттықтады
- Жаһандық жылыну: Дүниежүзілік мұхит температурасы 50 жыл бұрынғы рекордтан асып кетті
- ЕҚЫҰ Қазақстандағы сайлауды бақылаудың алғашқы қорытындысын жариялады
- Құрылтай сайлауынан кейін бірқатар елдің басшылары Тоқаевқа лебіздерін білдірді
- Тоқаев Украина президентін Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады
- 150 мың SMS-бластер: Алаяқтар сүзгілеу жүйелерін айналып өтудің жолын тапқан
- Павлодарда ер адам тротуардың астындағы қайнаған суға құлап, күйіп қалды
- Тамызда Қазақстанның кей өңірлерінде қар жаууы мүмкін
- Қазақстанда бірнеше ведомство басшылары лауазымдарына қайта тағайындалды
- Магистратура — 2026-2027: Грант иегерлерінің тізімі
- Тоқаев білім жүлдегерлеріне 6,5 млн-дық сыйақы сертификатын тапсырды
- Алматыда тұрғын үйдегі өрттен бір адам қаза тапты, тағы төртеуі ауруханада