Алматы облысында екі баланың анасы көлік қағып қаза тапты
Фото: Туыстарынан
Алматы облысының Бекболат ауылында жол-көлік оқиғасынан екі қыздың анасы қаза тапты. Әйел электр велосипедімен жұмысқа бара жатқан, деп хабарлайды Orda.kz.
Марқұмның үлкен қызы Аружанның айтуынша, анасы Бекболат ауылындағы Первомай ауруханасына жұмысқа бара жатқан кезде қарсы бағытқа Hyundai көлігі шығып кеткен.
Туыстарының сөзінше, көлік жүргізушісі тоқтамай, әйелді шамамен 3-4 метрге сүйреп кеткен. Салдарынан әйел ауыр бас-ми жарақатын алып, III дәрежелі комаға түскен. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Оқиға кезінде көлік ішінде сәби болғанын куәгерлер айтқан. Туыстары жүргізуші сәбиге алаңдап, жолға назар аудармай қалуы мүмкін деп болжап отыр.
Қыздардың әпкесі жол апаты болған жерге полиция қызметкерлері оқиға схемасын жасап жатқан кезде барған. Туыстарының айтуынша, схема жасау барысында қателіктер жіберілген болуы мүмкін. Бұл жайт видеода көрсетілген.
Марқұмның жақындарының айтуынша, Hyundai жүргізушісі қайтыс болған әйелдің туыстарымен осы уақытқа дейін байланыспаған.
Артында екі кішкентай қызы қалды. Қазір олардың туыстары істің жан-жақты әрі объективті тергелуін күтеді.
Оқиғаға қатысты полицияның ресми түсініктемесі әзірге жарияланған жоқ.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық