Алматыдағы электр өшуіне Канье Уэсттің қатысы жоқ – Энергетика министрлігі
Фото:ЖИ
Алматыдағы ауқымды электр өшуінен кейін желіде Канье Уэсттің концертіне арналған алып сфера қаланың энергожүйесіне салмақ түсірді деген әзіл-қалжың тараған еді. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов әншінің концерттік конструкцияның блэкаутқа еш қатысы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
14 тамызда Алматыда ауқымды электр қуаты өшіп, қаланың басым бөлігі жарықсыз қалды. Сол күні америкалық танымал орындаушы Канье Уэсттің концерті өтуі тиіс болған, алайда шара келесі күнге шегерілді. Осыдан кейін алматылықтар арасында электр қуатының өшуіне концерт кезінде қолданылған алып шар тәрізді сахналық құрылғы себеп болуы мүмкін деген әзіл тарады. Кейбіреулер оның электр энергиясын көп тұтынуы салдарынан желіге шамадан тыс жүктеме түсуі мүмкін деген болжам айтты. Бұл ақпаратқа Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов түсініктеме берді.
«Атырау мұнай өңдеу зауыты 90 МВт электр энергиясын тұтынады. Ал бұл жерде 600 МВт көлемінде өшіру болды. Сондықтан электр энергиясын қанша тұтынатыны белгісіз – 5, 10 немесе 20 МВт болсын, сфераның энергожүйенің тұрақтылығына әсері жоқ. Канье Уэсттің сферасының әсерін толықтай жоққа шығарамын», – деді Ақкенженов.
Министр электр қуатының өшуіне сырттан жасалған қасақана араласу да себеп болды деген болжамды жоққа шығарды. Оның айтуынша, бұл – арнайы комиссия анықтауы тиіс себептері бар апаттық жағдай.
Оқи отырыңыз:
Атырау облысында ер адам жүкті әйелін аяусыз соққыға жыққан
Шымкентте спорт шеберін азаптап өлтірді деген алты адамның соты басталды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық