Шерзаттың ісі: Қаржаубай Нұрымов сотталушылардан 663 млн теңге талап етті
Коллаж: Orda.kz
Талдықорған қаласында Шерзат Полатқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Жәбірленуші тараптың адвокаттары азаматтық талап-арыздарын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты Мейірман Шекеев бүгінгі сот отырысында жәбірленушілердің күдіктілерден талап етіп отырған 662 794 000 млн теңге моральдық әрі материалдық шығын туралы оқып берді.
- Абзал Шынасылдан Нұрымов Қаржаубайдың пайдасына ұлын жерлеу рәсіміне қатысты жұмсалған шығынының өтемі ретінде 2 794 000 (екі миллион жеті жүз тоқсан төрт мың) теңге мөлшеріндегі қаражатты өндіруді;
- Абзал Шынасыл және Сакиев Равиль бірігіп, Нұрымов Қаржаубайдың пайдасына қылмыстық құқықтық бұзушылықпен келтірілген моральдық зиянның өтеуі ретінде 100 000 000 (жүз миллион) теңге мөлшеріндегі өтемақы өндіруді;
- Абзал Шынасыл және Сакиев Равилден Бишембиева Гүлбараның пайдасына қылмыстық құқықтық бұзушылықпен келтірілген моральдық зиянның өтеуі ретінде 100 000 000 (жүз миллион) теңге мөлшеріндегі өтемақы өндіруді;
- Шынасыл Абзал және Сакиев Равилден Қадырова Жұмабикенің пайдасына қылмыстық құқықтық бұзушылықпен келтірілген моральдық зиянның өтеуі ретінде 100 000 000 (жүз миллион) теңге мөлшеріндегі өтемақы өндіруді;
- Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ильясов, Азамат Тоқтаубаев пен Нұрбол Тоқтаубаев және Дидар Қалихаметтен Нұрымов Қаржаубайдың пайдасына қылмыстық құқықтық бұзушылықпен келтірілген моральдық зиянның өтеуі ретінде 120 000 000 (жүз жиырма миллион) теңге мөлшеріндегі өтемақы өндіруді;
- Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ильясов, Азамат Тоқтаубаев пен Нұрбол Тоқтаубаев және Дидар Қалихаметтен Бишембиева Гүлбараның пайдасына қылмыстық құқықтық бұзушылықпен келтірілген моральдық зиянның өтеуі ретінде 120 000 000 (жүз жиырма миллион) теңге мөлшеріндегі өтемақы өндіруді;
- Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ильясов, Азамат Тоқтаубаев пен Нұрбол Тоқтаубаев және Дидар Қалихаметтен Қадырова Жұмабикеге қылмыстық құқықтық бұзушылықпен келтірілген моральдық зиянның өтеуі ретінде 120 000 000 (жүз жиырма миллион) теңге мөлшеріндегі өтемақы өндіруді сұрайды.
Сот жәбірленушілердің талап арызын қабылдады.
Orda.kz тілшілері қоғамды дүрліктірген осы сот отырысына басынан бастап қатысып келе жатыр. Алғашқы сот отырыстарында 16 жасар бозбаланың өліміне қатысты сотқа жәбірленушілер мен куәгерлер келіп, мән-жайды баяндап берген еді.
Ал 6 мамыр күні Нұрғанатты заңсыз бейнежазбаға түсірген полицей қызметкері Медет Әділжанов пен айыпталушы Дархан Әскентай сот алдында жауап берді. Ал 15 мамыр күні күдікті, ағайынды Тоқтаубаевтар жауап берді. 16 мамыр 9 күдіктінің бесеуі жауап берді. Олар оқиға орнына қалай барғанын және кімнің қандай әрекет жасағанын баяндады.
21 мамыр күні басты күдікті Абзал Шынасыл жауап беріп, өзінің пышақ сұқпағанын, Шерзатқа тиіспегенін айтты. Оның сөзінше, пышақты кім сұққанын көрмеген.
Еске сала кетсек, Талғарда 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубаймен, ұлы Шерзатпен және ағасы Нұрғанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды.
9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі марқұм Шерзаттың зиратының қасынан табылды.
12 қазан күні Азат ауылындағы марқұм болған Шерзаттың отбасының үйі өртеніп кетті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық