Қазақстандықтар жеңілдетілген ипотека алу үшін әдейі ажырасады
Фото: Pixabay
Қазақстандықтардың ажырасуының бір себебі – жеңілдетілген ипотека алуға ұмтылу.
Бұл туралы «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді.
Қазақстанда «Бақытты отбасы: 2-10-20» бағдарламасы аясында үш жылға банкке 50 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде 5000 көп балалы, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған, толық емес отбасылар қатысты. Үш жылдық несие берудің қорытындысы бойынша біз талдау жасап, «толық емес отбасылар» санатының соңғы 4 жылда ең жылдам қарқынмен өсіп келе жатқанына көз жеткіздік.
- Қазақстанда 2017 жылы 54 626 ажырасу тіркелсе, 2018 жылы олардың саны 54 797-ге, 2019 жылы 5 мыңға артып, қазірдің өзінде 59 796-ға жетті. Ажырасу туралы өтініш беру қиындай түскен ковид кезеңінде олардың саны азайып, 48 мың болды. Бірақ 2021 жылы тағы да өсу байқалып, қазірдің өзінде 48 239-ға жетті. Ішінара жалған ажырасулардың бір себебі, біздің ойымызша, халықтың жеңілдікті ипотека кезегіне тұруды қалайтындығы. Расында, «толық емес отбасы» бағытында ажырасу туралы анықтама жеткілікті, - дейді Ләззат Ибрагимова.
23 қыркүйекте Үкімет қаулысы аясында толық емес отбасыларға «Шаңырақ: 5-10-20» бағдарламасы бойынша ғана ипотека беру туралы ұсыныс қолдау тапты.
- Айырмашылық тек сыйақы мөлшерлемесіне байланысты. Бірақ әр отбасы деңгейінде шамамен 30 мың теңге болады. Қазір әлеуметтік желілерде толық емес отбасылардан өтініштер түсіп жатыр, бірінші кезекте мүмкіндігі шектеулі жандарды қамтамасыз ету мемлекеттің басымдығы болып саналады, - деп түйіндеді «Отбасы Банкі» басшысы.
Жаңалықтар
- Алматы облысында екі баланың анасы көлік қағып қаза тапты
- Отандық баскетболға 100 жыл: Тоқаев FIBA президентін қабылдады
- Бірі қабірде, бірі мүгедек: Екі адамды қаққан 21 жастағы жүргізушіге апелляция сот шешімі қандай?
- Алматыдағы электр өшуіне Канье Уэсттің қатысы жоқ – Энергетика министрлігі
- Атырау МӨЗ-де өрт шықты
- Арменияда экс-президент Роберт Кочарян мен оның ұлы ұсталды
- ОСК қорытындысы: Ең көп мандатты «Әділет» партиясы иеленді
- Башар Асад режимінің бұрынғы мүфтиі өмір бойына бас бостандығынан айырылды
- Қазақстанда көмір тапшылығы болмауы үшін үкімет ЖИ-ге жүгінеді
- «Сұңқар» трамплиндері ісі: Алматы соты Ерлан Сариевті ақтады
- «Қалқаман» метро станциясы қашан ашылатыны белгілі болды
- Шымкентте спорт шеберін азаптап өлтірді деген алты адамның соты басталды
- Ұлттық экономика министрі 2029 жылға дейін болжам жасады
- Атырау облысында ер адам жүкті әйелін аяусыз соққыға жыққан
- ШҚО-да 13 жастағы қыз байлаулы аттың арқанына соғылып, қаза тапты
- Қазақстанда электрсамокатшыларға заң күшейді: Енді тротуарда жүруге болмайды
- Қостанайда енесі мен келіні жанжалдасты: Іске полиция араласты
- Тоқаев ақын Марфуға Айтқожаны 90 жасқа толуымен құттықтады
- Жаһандық жылыну: Дүниежүзілік мұхит температурасы 50 жыл бұрынғы рекордтан асып кетті
- ЕҚЫҰ Қазақстандағы сайлауды бақылаудың алғашқы қорытындысын жариялады