Қазақстандықтар көмірге онлайн тапсырыс бере алады
Фото: Pixabay
Үкіметте өткен жиында ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов халықты көмірмен қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, 2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында республикада 73,7 млн тонна көмір өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2%-ға артық. Көмір өндіруші кәсіпорындардың мәліметтері бойынша оның негізгі қысқартулардағы құны өткен жылғы деңгейде сақталып отыр.
Бұл ретте көмірді өткізу орындарында бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында оны үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету және автомобиль көлігімен республикадан тысқары жерлерге шығаруды шектеу (6 ай бойы) шаралары қабылданды.
Сонымен қатар, азаматтарға ыңғайлы болу үшін қатты отынды танымал базарлар мен банктік қосымшалар арқылы сату нұсқалары әзірленуде. Бұл бағытта еліміздегі ірі банктердің бірі Қостанай облысында пилоттық жобаны қолға алып үлгерді.
Үкімет басшысы бұл тәсіл көмір сататын орындардағы кезекті азайтатынын атап өтті.
- Бұл өте жақсы цифрлық шешім, тұтынушылар үшін ыңғайлы. Үйден шықпай-ақ көмірге тапсырыс беруге болады. Жергілікті жерлерде тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, - деді Әлихан Смайылов.
Сөз соңында ол Индустрия министрлігі облыс әкімдіктерімен бірлесіп көмірді жеткізу мен бөлуді ерекше бақылауда ұстау керектігін, ал Бәсекелестікті қорғау агенттігі фактілердің жолын кесіп, бөлшек сауда бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу қажеттігін баса айтты.
Жаңалықтар
- Алматы облысында екі баланың анасы көлік қағып қаза тапты
- Отандық баскетболға 100 жыл: Тоқаев FIBA президентін қабылдады
- Бірі қабірде, бірі мүгедек: Екі адамды қаққан 21 жастағы жүргізушіге апелляция сот шешімі қандай?
- Алматыдағы электр өшуіне Канье Уэсттің қатысы жоқ – Энергетика министрлігі
- Атырау МӨЗ-де өрт шықты
- Арменияда экс-президент Роберт Кочарян мен оның ұлы ұсталды
- ОСК қорытындысы: Ең көп мандатты «Әділет» партиясы иеленді
- Башар Асад режимінің бұрынғы мүфтиі өмір бойына бас бостандығынан айырылды
- Қазақстанда көмір тапшылығы болмауы үшін үкімет ЖИ-ге жүгінеді
- «Сұңқар» трамплиндері ісі: Алматы соты Ерлан Сариевті ақтады
- «Қалқаман» метро станциясы қашан ашылатыны белгілі болды
- Шымкентте спорт шеберін азаптап өлтірді деген алты адамның соты басталды
- Ұлттық экономика министрі 2029 жылға дейін болжам жасады
- Атырау облысында ер адам жүкті әйелін аяусыз соққыға жыққан
- ШҚО-да 13 жастағы қыз байлаулы аттың арқанына соғылып, қаза тапты
- Қазақстанда электрсамокатшыларға заң күшейді: Енді тротуарда жүруге болмайды
- Қостанайда енесі мен келіні жанжалдасты: Іске полиция араласты
- Тоқаев ақын Марфуға Айтқожаны 90 жасқа толуымен құттықтады
- Жаһандық жылыну: Дүниежүзілік мұхит температурасы 50 жыл бұрынғы рекордтан асып кетті
- ЕҚЫҰ Қазақстандағы сайлауды бақылаудың алғашқы қорытындысын жариялады