Қазақстанда екі министрі қазақша сөйлемейді
Коллаж Orda.kz
Қазір Қазақстанда 19 министрлік бар. Ranking.kz зерттеу жүргізіп, оның аясында тіл меңгеру деңгейі бойынша министрлердің рейтингін жасады.
Көшті Ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясат бастады. Министр жеті тілде – қазақ, орыс, ағылшын, итальян, түрік, жапон және латын тілдерінде сөйлейді.
Екінші орынды Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров иеленді: әрқайсысы бес тілден біледі.
Үздік үштікке ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дархан Қыдырәлі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова кіреді: әрқайсысы төрт тілді меңгерген.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова төрт тілді меңгергенімен, олардың арасында қазақ тілі жоқ екені атап өтіледі. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин де мемлекеттік тілді білмейді.
Қазақстандық 19 министрдің 12-сі ағылшын тілін біледі. Жалпы, Қазақстан Республикасында бұл тілді меңгеру деңгейі өте төмен. Сонымен, EF EPI 2021 рейтингінде Қазақстан тізімнің соңында дерлік болды: әлемдегі 112 елдің ішінде 96-шы орында. Қазақстан Республикасы ағылшын тілін өте төмен деңгейде меңгерген елдер қатарына жатқызылды. Көрсеткіш 426 болды.

ТМД елдері ішінде ағылшын тілін орташа деңгейде меңгерген елдерге Молдова, Беларусь, Украина және Ресей, ал деңгейі төмен елдерге Армения мен Әзірбайжан жатқызылды. ТМД-ның қалған елдері ағылшын тілін меңгерудің өте төмен деңгейін көрсетті, олардың ішінде Өзбекстан Қазақстан Республикасынан жоғары, ал Қырғызстан мен Тәжікстан төменгі орында.
Рейтингті Еуропа елдерімен қатар, Нидерланды, Австрия және Дания бастап тұр. Соңғы орында Йемен.
Жаңалықтар
- Алматы облысында екі баланың анасы көлік қағып қаза тапты
- Отандық баскетболға 100 жыл: Тоқаев FIBA президентін қабылдады
- Бірі қабірде, бірі мүгедек: Екі адамды қаққан 21 жастағы жүргізушіге апелляция сот шешімі қандай?
- Алматыдағы электр өшуіне Канье Уэсттің қатысы жоқ – Энергетика министрлігі
- Атырау МӨЗ-де өрт шықты
- Арменияда экс-президент Роберт Кочарян мен оның ұлы ұсталды
- ОСК қорытындысы: Ең көп мандатты «Әділет» партиясы иеленді
- Башар Асад режимінің бұрынғы мүфтиі өмір бойына бас бостандығынан айырылды
- Қазақстанда көмір тапшылығы болмауы үшін үкімет ЖИ-ге жүгінеді
- «Сұңқар» трамплиндері ісі: Алматы соты Ерлан Сариевті ақтады
- «Қалқаман» метро станциясы қашан ашылатыны белгілі болды
- Шымкентте спорт шеберін азаптап өлтірді деген алты адамның соты басталды
- Ұлттық экономика министрі 2029 жылға дейін болжам жасады
- Атырау облысында ер адам жүкті әйелін аяусыз соққыға жыққан
- ШҚО-да 13 жастағы қыз байлаулы аттың арқанына соғылып, қаза тапты
- Қазақстанда электрсамокатшыларға заң күшейді: Енді тротуарда жүруге болмайды
- Қостанайда енесі мен келіні жанжалдасты: Іске полиция араласты
- Тоқаев ақын Марфуға Айтқожаны 90 жасқа толуымен құттықтады
- Жаһандық жылыну: Дүниежүзілік мұхит температурасы 50 жыл бұрынғы рекордтан асып кетті
- ЕҚЫҰ Қазақстандағы сайлауды бақылаудың алғашқы қорытындысын жариялады