Путин Қазақстанға тағы бір сапармен келмек
Фото: Фотохост-агентство brics-russia2024.ru
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ТАСС агенттігіне айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Кремль Путиннің Қазақстанға сапарын қараша айының соңына қарай жоспарлауы мүмкін.
«Сапарға шынымен де дайындық қызу жүріп жатыр. Болатын күнді уақтылы хабарлаймыз», - деді Дмитрий Песков.
Ресей президенті Касым-Жомарт Тоқаевпен соңғы рет Қазанда өткен БРИКС саммитінде кездескен. Ол кездесуге Тоқаев құрышпен қапталған ресейлік Aurus Senat көлігін мініп барды.
Еске сала кетсек, бұған дейін БРИКС-ке қосылмау жайлы шешімнен соң, Ресейдің ауыл шаруашылығын бақылау органы Қазақстаннан қызанақ, бұрыш, қауын, бидай, зығыр және жасымық сияқты өнімдерді уақытша импорттауға тыйым салды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Astana Think Tank форумының қорытынды отырысында Ресейдің Украинадан жеңілмейтінін тағы бір мәрте айтқан болатын.
Еске сала кетсек, 21 қазан күні сағат 11:00 шамасында Ресейдің мемлекеттік туы мен «Z» таңбалары бар жүк көліктері және зымыран қондырғылары бар ресейлік әскери техника Қазақстанның Бөкейорда ауданы Сайхин елді мекеніне кірді.
Еске сала кетсек, Ресей жалға алып, әскери сынақ өткізіп жатқан Бөкей ордасы аумағындағы радиация мөлшерлемеден 4 есе асып кетті. Тұрғындар бұған биліктің еш қарекет жасамағанына наразы болып отыр. Orda.kz тілшісіне сұхбат берген белсенді Бөкей ордасының тұрғыны Нағым Тәжімұратов өңірде 112 мүгедек бала бар, 400-дей адам радиация әсерінен мүгедек ретінде тіркелгенін айтып дабыл қаққан болатын.
Ал Қазақстан экология және табиғи ресурстар министрлігі Orda.kz сауалына жауап беріп, Ресей Федерациясына жалға берілген әскери полигондар орналасқан Батыс Қазақстан облысында экологиялық заңнама бұзылғанын растады.
Ал сыртқы істер министрлігі біздің сауалымызға жауап қайтармады.
Жаңалықтар
- 3600 метр биіктікте адасқан үш турист құтқарылды
- Алматы маңында пластик бұйымдарын шығаратын цех өртенді
- Венесуэланың уақытша президенті АҚШ-пен мұнай келісімі арқылы табысқа кенелетіндерін мәлімдеді
- Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көлігі жиналды: Не болып жатыр?
- Аида Балаева: Үй мәселесіне қатысты орынсыз пікірлер буллингке ұласып бара жатыр
- Пентагон басшысы 2028 жылғы президент сайлауына түсуі мүмкін деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтбаев ««Бернлидің» негізгі құрамында да үздік ойыншы атанды
- «Стик бермесең өлтіремін»: Астанадағы сауда орталығында пышақ ұстаған жігіт жұртты шулатты
- Құрылтайдың ресми сайты іске қосылды: Депутаттардың жұмысын осы жерден бақылауға болады
- Бірінші сыныпқа 380 мың оқушы барады: Мектептер оларды қабылдауға дайын ба?
- Алматыда самокат мінген ер адам бордюрге соғылып, қаза тапты
- БАҚ: АҚШ Мәскеуге Трамп, Путин және Зеленскийдің саммитін өткізуді ұсынды
- Роналду «Әл-Наср» сапында жеңіс голын соғып, 1000 голдық тарихи межеге жақындай түсті
- Якутияда қарттарды бопсалап ақша алып жүрген Қазақстан азаматы ұсталды
- Семей полигонының жабылғанына 35 жыл: Қасіреттен қарусыздануға дейін
- Талғарда ер адам жеті жасар қызды бұтаның арасына қарай сүйреді деген күдікке ілінді
- Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Аймахан Шерханның адвокаттары апелляциялық шағым түсірді
- БАӘ-де қаза болған екі қыздың денесі Дубайдан елге жөнелтілді
- Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен адамға қатысты жаңа мәлімет берді
- «Бұндайларға рақым жоқ»: Садыр Жапаров «халық жауларын» жазалауға шақырды