«Ресей заңнаманы бұзды»: Қазақ жерін зарлатқан полигонға не болмақ?
Коллаж Orda.kz
Қазақстан экология және табиғи ресурстар министрлігі Orda.kz сауалына жауап беріп, Ресей Федерациясына жалға берілген әскери полигондар орналасқан Батыс Қазақстан облысында экологиялық заңнаманың бұзылғанын растады.
«2023 жылғы қыркүйекте экология департаменті жүргізген тексеру нәтижесінде 929-шы Мемлекеттік ұшқыш-сынаушы орталығы мен 4-ші Мемлекеттік орталық аралас полигоны объектілерінде зиянды заттардың рұқсат етілген концентрациясының асып кеткені анықталды. Бұзушылықтар туралы Ресей тарапының хабарламаларына жауап келмеген», — деп мәлімдеді Экология министрлігі.
Сонымен қатар, 2023 жылғы қазан айында зымыран бөліктерінің құлауы жағдайы тіркелді. Одан кейін су мен топырақтың талдаулары жүргізіліп, қауіпті заттардың бар екенін растады.
Осыған байланысты, экология вице-министрі Жомарт Әлиев министрліктің құзыретіне халықты көшіру және өтемақы төлеу мәселелері кірмейтінін атап өтті.
Еске сала кетсек, Orda.kz тілшісі Бөкей ордасы ауданының тұрғынынан сұхбат алған болатын.
Зымыран сынақтарынан соң олардың қалдықтары Бөкей ордасы аумағына құлап, экология мен тұрғындардың денсаулығына кері әсер етіп жатыр. Өңірде 112 мүгедек бала бар, 400-дей адам радиация әсерінен мүгедек ретінде тіркелген. Тұрғындар әскери сынақтарды қалай жүргізгенін және радиация мөлшерін жергілікті органдар қадағаламайды деп дабыл қағып отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық