Ресейдің әскери техникасы Қазақстанға кірді: Тұрғындар дабыл қағуда
Фото: Бейнеден кадр
21 қазан күні сағат 11:00 шамасында Ресейдің мемлекеттік туларымен және «Z» таңбалары бар жүк көліктері мен зымыран қондырғылары бар ресейлік әскери техника Қазақстанның Бөкейорда ауданы Сайхин елді мекеніне кірді.
Orda.kz редакциясына сол жердің тұрғыны хабарласып, бейнежазбалар жіберді.
Зымыран қондырғыларының бірі (шамамен С-300) газ құбырына зақым келтірген.
Тұрғындар ресейлік әскери күштердің аудан орталығында емін-еркін жүргеніне қатты наразылық білдірді. Тұрғындар билік өкілдері, полиция, шекара қызметі мен ҰҚК ешқандай әрекет жасамағанына наразы.
16:18-де Бөкейорда ауданының әкімі Нұрлыбек Даумов ресми түсініктеме берді. Оның айтуынша, әскери техника жауын-шашын мен жолсыздыққа байланысты белгіленген маршруттан ауытқып, Сайхин арқылы өткен. Техниканың бірі газ құбырына зақым келтіргенімен, айтарлықтай зақым немесе газдың шығуы болмапты. Әкімдік оқиғаның мән-жайын анықтап, кінәлілерді жауапкершілікке тарту мәселесін қарастырып жатыр.
Еске сала кетсек, Ресей жалға алып, әскери сынақ өткізіп жатқан Бөкей ордасы аумағындағы радиация мөлшерлемеден 4 есе асып кетті. Тұрғындар бұған биліктің еш қарекет жасамағанына наразы болып отыр. Orda.kz тілшісіне сұхбат берген белсенді Бөкей ордасының тұрғыны Нағым Тәжімұратов өңірде 112 мүгедек бала бар, 400-дей адам радиация әсерінен мүгедек ретінде тіркелгенін айтып дабыл қаққан болатын.
Ал Қазақстан экология және табиғи ресурстар министрлігі Orda.kz сауалына жауап беріп, Ресей Федерациясына жалға берілген әскери полигондар орналасқан Батыс Қазақстан облысында экологиялық заңнаманың бұзылғанын растады.
Ал сыртқы істер министрлігі біздің сауалымызға жауап қайтармады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық