«Ресей Қазақстанға шетелге көкөніс сатуға тыйым салды»: БРИКС-ке қосылмау жайлы
Коллаж Orda.kz
Ресейдің ауыл шаруашылығын бақылау органы Қазақстаннан қызанақ, бұрыш, қауын, бидай, зығыр және жасымық сияқты өнімдерді уақытша импорттауға тыйым салды деп хабарлайды Orda.kz Politico сайтына сілтеме жасап.
Бұл шешім Қазақстанның Ресей маңызды рөл атқаратын дамушы елдер блогына, яғни БРИКС-ке қосылудан бас тартқаннан кейін қабылданды.
Қазақстан президентінің өкілі елдің жақын болашақта БРИКС-ке қосылу туралы өтініш бермейтінін мәлімдеді және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін аймақтық державалардың мүдделерін ескере отырып реформалау қажеттілігін атап өтті. Бұл қадам Ресей президенті Владимир Путин үшін елеулі соққы болды. Cебебі ол БРИКС-ті Батысқа және Украинадағы соғысқа қатысты санкцияларға қарсы тұру құралы ретінде насихаттауға тырысады.
Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қазақстанның Ресейдің стратегиялық серіктесі болып қала беретінін атап өтіп, БРИКС БҰҰ-ны толықтыратынын, оған қайшы келмейтінін айтты.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Astana Think Tank форумының қорытынды отырысында Ресейдің Украинадан жеңілмейтінін тағы бір мәрте айтқан болатын.
Саясаттанушы Ғазиз Әбішев Orda.kz-ке берген пікірінде Қазақстанның бұл ұйымға кіруді жоспарламайтыны туралы ойын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық