Премьер-министр қазақстандық мектептердің қауіпсіздігіне баға берді
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Ішкі істер министрлігінде болып, жаңа оқу жылы қарсаңында қылмыстың алдын алу мен ашуда қолданылатын заманауи технологиялар, полиция жұмысын цифрландыру және мектеп қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларымен танысты.
Премьер-министрдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оған білім беру ұйымдарында, орталық білім беру мекемесінде және полицияның кезекші бөлімшелерінде орнатылған бейнекамералардың жазбалары мен дабыл түймелерінің сигналдары көрсетілді.
Қазір бұл шаралармен 3654 мектеп қамтылса, 7600 білім беру мекемесінде бейнебақылау орнатылған. Оларды қосу жұмыстары жалғасуда.
Сонымен қатар, Үкімет басшысы «Цифрлық полиция қызметкері» жобасы аясында сатып алынған жаңа бейнежетондардың жұмысын бағалады.
Сондай-ақ Премьер-Министрге полицияға жол ережесін бұзғандарды анықтауға көмектесетін «Қорғау» жүйесінің ерекшеліктері туралы айтылды.
Сонымен қатар, Әлихан Смайылов тұрмыстық-зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту шараларының жүзеге асырылу барысымен, көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жұмыстарының нәтижелерімен және интернет-алаяқтыққа қарсы тұру бойынша CyberPol жобасымен танысты.
Сондай-ақ, кадрлық үдерістерді автоматтандыру нәтижелері, сондай-ақ жедел қызметтің, қоғамдық тәртіпті қорғаудың және жалпы құқық бұзушылықтың алдын алудың өзекті мәселелері қаралды.
Жаңалықтар
- Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді
- Трамп Си Цзиньпинмен кездесу үшін Бейжіңге келді
- ІІМ бала күнінде продюсерден зорлық көрдім деген жігіттің мәлімдемесіне қатысты тексеріс бастады
- Трамптың ұлдарына қатысты Қазақстандағы жобаға Пентагон тағы 400 миллион доллар бөлмекші
- ОСК: Саясаткерлер мен партияларды жасырын жарнамалаған блогерге айыппұл салынады
- Нұра ауылында пышақталып қаза болған марқұмның туыстары өз шындығын айтты
- Ұялы телефондарды тексеру мемлекет бақылауына өтеді
- Қызылордада жатақханадағы студент өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Бюджет қаражатын сайлауалды үгітке мақсатсыз пайдаланғандар бес есе артық қайтарады
- Иран келіссөздерді қайта бастау үшін АҚШ-қа бес талап қойды
- «Афросиаб» Орталық Азиядағы теміржол революциясы ма, әлде қымбат имидж бе?
- Терроризмге күдікті төрт адам шетелден Қазақстанға жеткізілді
- Тұрақты тұруға көшіп келгендер арасында Қытай көш бастап тұр
- Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізу туралы Жарлыққа қол қойды
- Катар мен Түркия Иранға үндеу жасады: Ормуз бұғазын қысым көрсету құралы ретінде қолданбасын
- Таразда рұқсаты жоқ жасөспірімдер көлікпен қашып, апатқа ұшырады
- Астанада іске қосылардан бұрын LRT жүйесінің қалай жұмыс істейтіні таныстырылды
- Қордайда полиция қызметкерлерін қорлаған адамға айыппұл салынды
- Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Азамат Қапенов қазақстандықтарға мәлімдеме арнады
- Каспий таязданды, итбалықтар қырылды. Себебі неде?