«Полицияның өтірігі»: Қаржаубайдың адвокаты бар шындықты жайып салды
Коллаж: Orda.kz
Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты тергеу ісі басталды. Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты полицияға оның жақындары ұстаңдар деп айтпағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін 10 желтоқсанда Алматы полиция басқармасы Қаржаубайды туыстарының және адвокатының өтінішімен ұстағаны жайлы мәлімдеген болатын.

Отбасының адвокаты Асқар Қаймақовтың мәлімдемесіне қарасақ, Қаржаубай Нұрымовқа қатысты тергеу амалдары басталып, оған «Басқа біреудің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Талғар оқиғасына қатысты бірнеше маңызды мәлімдеме жасауды қажет деп санаймын. Біздің өкілдер полициядан Қаржаубайды ұстауды сұрамады. Марқұм Нұрқанаттың жеке хат-хабарларын жариялауға туыстары келісім бермеді. Қаржаубайға 15 тәулікке қамау тағайындаған сот қаулысы заңсыз деп санаймыз. Сот барысында өрескел заңбұзушылықтарға жол берілді. Бұл шешімге апелляциялық тәртіпте шағымдандық. Бүгін Қаржаубай Нұрымовқа қатысты полиция ҚР ҚК 202-бабы («Басқа біреудің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру») бойынша соталды тергеуді бастады» деп жазды адвокат.
Еске сала кетсек, 10 желтоқсанда Азат ауылында Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың жаназасы өте салысымен арты үлкен дауға айналды. Қаржаубай Нұрымов журналистермен кездесуді талап етіп, тіпті өз-өзін пышақпен жарақаттап тастады.
Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты оқиғаның егжей-тегжейін мына репортаждан оқи аласыз.
Еске сала кетсек, ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен бас прокурор Берік Адамов және тергеу ісін қолға алған Самат Айысов 15 қазан брифинг өткізген. Олардың артынан ұсталғаны мәлім болды. Ұсталғандардың кім екенін сол брифингте айтып берген еді.
Шерзаттың үйі өртенген түні болған оқиғаны мына сілтемеден оқыңыз.
Сонымен қатар кейін ұсталған екі адам жайлы, күдіктілердің бірінің анасы БАҚ-та айтылып кеткен санды толтыру үшін ұлын жазықсыз ұстағанын айтып мәлімдеме жасаған болатын.
Жаңалықтар
- Макрон Еуропаны «оянуға» шақырып, Ресей, Қытай мен АҚШ қарсылығын еске салды
- Ату жазасы АҚШ-та өлім жазасын орындау тәсілі ретінде қайта енгізілді
- Абай облысында жүргізушіге ескерту жасаған шекарашыны ұрып кетті
- Ақ үй Уиткофф пен Кушнердің Пәкістанға бет алғанын растады
- Талдықорғанда асханада болған жанжал әйел өлімімен аяқталды
- Алматының арықтары нөсер жаңбырды ағыза алмайды, әкімдік не дейді?
- Түркістан облысында турнирге бара жатқан балалар жолда опат болды
- Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған
- Астанада автобуста жолаушы ана мен балаға тап беріп, балағаттады
- Лобода мен Қайрат Нұртас бірлесіп трек жазды
- Бұрынғы Оңтүстік Корея президентіне 30 жыл түрме жазасы сұралды — БАҚ
- 52 адамның пойызда уланғанына байланысты көлік министрі жаңа ақпарат берді
- Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады
- Пашинян: «Бұл әрекет айқын арандатушылық». Ереванда Түркия туын өртеді
- Талдықорғандағы жеке ауруханда бала екінші қабаттан құлап, ота жасалды
- ҚМДБ-ның өз жасанды интеллект жобасы болады
- Елдегі базарлар неге жабылып жатыр? Министрлік жауап берді
- Дональд Трамп Израиль мен Ливан арасындағы бітім туралы мәлімдеді
- Астанада түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен республикалық айтыс өтті
- Теміртауда үш бала ток соғып, жансақтауда жатыр: Тұрғындар бұрыннан дабыл қаққан