Парламент Сенатына Жамбыл облысынан кімдер барады?
Жамбыл облысынан ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну қорытындысы жарияланды.
Жамбыл облысы бойынша 5 азаматтан ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына өз кандидатурасын ұсынатыны туралы өтініш келіп түсті. Олардың барлығы өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелген. Кандидаттардың барлығы ер азаматтар. Орташа жасы - 47 жасты құрайды, кандидаттардың ең жасы - 36 жаста, ең ересегі - 60 жаста. Мамандық бойынша: заңгер - 1 кандидат, дәрігер - 1, оқытушы – 1, өзге де мамандықтар – 2 кандидат. Сонымен 3 кандидат мемлекеттік қызметкер, 2 - кандидат - мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері.
Олар кімдер?
Жамбыл облысынан Өсербаев Сұлтан Мыктыбекұлы, Оразбеков Аслан Ұланұлы, Умаров Гулам Мухтарұлы, Айтақов Жарылқасын Әбдікаппарұлы және Арубаев Сәкен Каланұлы Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты депутаттығына кандидат ретінде тіркелді.
Үш кандидат жәй көпшілік болып түскен. Оның біріншісі Аслан Оразбеков. Қазіргі таңда ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті басшысы, оған дейінгі екі басшы қылмыстық іс қозғалып, сотталып кетті. Жамбыл облысы әкімі Нұржан Нұржігітов Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары болған кезде, тура сол қызметті Аслан Оразбеков атқарған.
Басқа екі кандидат «Нұр Отан» партиясының (қазіргі «Аманат» партиясы) праймеризінде финалдық бестікке ілінген. Альтернатив қызметін атқарған Сұлтан Өсербаев пен Гулам Умаров. Екеуі де қазір Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты. Айтқан тілді алып, қажет кезде кандидатурасын ала салатындар. Праймеризде альтернативті кандидатурларды таңдаған адам қазіргі таңда Жамбыл облысы әкімінің аппарат басшысы. Ол праймериз кезінде партия төрағасының орынбасары Мәди Мәтеннің «ыңғайлы» тізім жасайтын қызметкері.
Ең басты екі кандидат: Жарылқасын Айтақов пен Сәкен Арубаев. Айтақов Шу аудаынның бұрынғы әкімі болса, қазіргі әкімі Арубаев. Еске салсақ, кезінде ҚР Парламенті Мәжілісіне Шу ауданынан Қожахан Жабағиев кеткен болатын.
Айтақов Нұржігітовтың бастығы болған. Айдапкелов (қазіргі таңда Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы), Айтақов секілді Нұржігітовтің мемлекеттік қызметтегі ағалары, ұстаздары болып келеді. Шу ауданын басқарғанда «еңбекке жарамсыздық парағынан» көз ашпаған әкім. Нұржігітовпен бірге қызметтік баспалдақта тез өсуде. Жарылқасын Әбдіғаппарұлы қазіргі таңда 60 жаста. Осыдан бұрын зейнет алдында Сенатқа кеткен Савченко, Астаев, Жолдасбеков, Нұралиев, Орынбеков секілді ротация болатын секілді.
Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан» қағидатындағы 70 жастағылар министр мен әкім болып жатқан кезде Сәкен Арубаев Сенатқа өтіп кетсе, зейнеткер емес, облыс тұрғындарымен кері байланысатын «орын» иесі атануға мүмкіндік бермек.
Сәкен Қаланұлы қызметін Жамбыл облысы әкімі болған Бөрібай Жексембиннің көмекшісі, Бозымбаев басқарған кезде Мойынқұм ауданының әкімі, Көкірекбаев кезінде қызметтен төмендетіліп, басқарма басшысы орынбасары қызметін атқарып жалғастыруда. Мырзахметов оны Жамбыл ауданының әкімі қылса, Сапарбаев Шу ауданын сеніп тапсырған болатын. Әкімдік дәлізінде Арубаевты Айтақовқа альтернатив қылды ма деген сөз желдей еседі.
Біздің ақпарат бойынша Абай даңғылы 125 үйдегілер Шерхан Мұртаза ескерткішінің аумағын абаттандырған, меценат, Жамбыл облысы мәслихат депутаты, «Ауыл» партиясының облыстық филиалының басшысы Ерболат Саурықовқа уәде еткен. Бірақ жеме -жемге келгенде шенеуніктер тізіміне қоспапты.
Жылы креслосын босатып жатқан зейнеткер, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары лауазымынан сенатқа кеткен Абдалы Нұралиевтің Сенатта отырған кезде бір екі мәселеден басқа есте қалатындай әрекеті еске түспейді. «Сен тимесең, мен тиме» деп Алматыдағы ұрпақтарына жиі барып жүргенін естіп жүрдік.
Баласы Дархан Қордай оқиғасы кезінде Қордай ауданындағы жергілікті полицияның бастығы болды. Ешқандай жауаптылыққа тартылмай, Жуалы ауданы полиция бөлімінің бірінші орынбасары қызметін атқаруда. Дархан Нұралиев Жуалыда қызмет атқарғанда Қайрат Шайхиев ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып, оны қолымен қылқындырып, жеңіл дәрежедегі дене жарақатын келтірген.
Сол үшін Қ. Шайхиевке сот арқылы ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалған болатын.
Авторы: Исламбек Дастан
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық