Әл-Фарабидегі апат: Пактың «100 QR 02» жалған нөміріне қатысты іс тоқтатылды
Коллаж: ЖИ
Әл-Фараби даңғылындағы адам өліміне әкелген жол апатына қатысты тағы бір қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ішкі істер министрлігі әл-Фараби даңғылында болған резонансты жол-көлік оқиғасына байланысты қозғалған қылмыстық істердің бірі тоқтатылғанын мәлімдеді. Мемлекеттік нөмірлердің заңсыз берілуі мүмкін деген күдік бойынша қозғалған іс туралы болып отыр. Аталған іс Қылмыстық кодекстің 362-бабының 1-бөлігі («Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану») бойынша тергелген.
ІІМ мәліметінше, 2026 жылғы 3 маусымда сотқа дейінгі тергеу қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылған. Бұған дейін, БАҚ мәліметінше, айыптау тарабы сотталушының тіркеу құжаттарына сәйкес келмейтін 100 QR 02 мемлекеттік нөмірімен жүргені айтылған.
Сонымен қатар адам өліміне әкелген жол апатынан бөлек, қызметтік әрекетсіздік фактісі бойынша тағы бір қылмыстық іс теркелген. Қазір бұған қатысты іс прокуратурада қаралып жатыр. Күдікті ретінде Алматы қалалық полиция департаменті басшыларының бірінің жүргізушісі болған полиция қызметкері танылған.
ІІМ мәліметінше, бұл іс бойынша тергеу аяқталған. Қылмыстық кодекстің 370-бабы 4-бөлігінің 1-тармағы («Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтік әрекетсіздік») бойынша қозғалған іс 2026 жылғы 20 мамырда аяқталып, қазір Алматы қаласының прокуратурасында зерделеніп жатыр.
Оқи отырыңыз:
Әл-Фарабидегі жол апаты: Пакқа кешірім берген отбасылар саны тағы да толықты
Әл-Фарабидегі жол апаты: Куәгерлердің бәрі Пактың ішімдік ішкенін көрмегенін айтты
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық