Судья Айгүл Сайлыбаеваның туыстары кісі өлімінің жан түршігерлік жай-жапсарын айтты
Фото: Әлеуметтік желіден
Айгүл Сайлыбаеваның ата-анасы Ксения Собчакқа берген сұхбатында сараптама қорытындысына сәйкес әйелдің денесіне 30-дан астам пышақ жарақаты салынғанын айтты. Олар марқұмның денесіндегі басқа да жарақаттарды егжей-тегжейлі сипаттап берген, деп хабарлайды Orda.kz.
Отбасы адвокатының айтуынша, Айгүл тұрған үйдің жертөлесінен біреулер жууға тырысқан қан іздері табылған. Оның болжамынша, мәйіт кісі өлтірілгеннен кейін басқа жерге апарылған болуы мүмкін.
Марқұмның туыстары кінәлілерді жауапқа тартуды тағы да талап етіп, бұрынғы күйеу жігіттің отбасынан қазіргі уақытта әкесінің қолында тәрбиеленіп жатқан немерелерін көруге мүмкіндік беруді сұрады.
Бұған дейін біз Айгүл Сайлыбаеваны өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы күйеуі Александр Донцовнің Мәскеу қаласында тұрып, Жоғары экономика мектебінде жұмыс істейтіні туралы жазған болатынбыз. Кейін Бас прокурордың орынбасары марқұмның енесі мен күйеуін не себепті Қазақстанға экстрадицияламайтынын түсіндірді.
Еске салсақ, былтыр Германияда көз жұмған Айгүл Сайлыбаеваның енесі Наталья Донцоваға іздеу жарияланды. Айгүл Сайлыбаева соңғы жылдары Бенсхайм қаласында күйеуі, екі жасар қызы Жаклин және енесі Наталья Донцовамен бірге тұрған. 2024 жылдың 4 маусымы күні таңертең Айгүл қызын балабақшаға апарған. Кешке қарай қаланың шетінде полиэтилен қапқа оралған денесі табылды. Мойнында, беті мен қолында пышақ жарақаттары болған.
Алдымен Ресейдің федералдық арналарында Германияда Қазақстан азаматының кісі қолынан қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Тергеу нұсқасына сәйкес, марқұмның енесі мен бұрынғы күйеуі күдікке ілінген. Олар Германияда қылмыстық іс қозғалғаннан кейін Мәскеуге жасырынған болуы мүмкін. Қайтыс болған әйелдің ата-анасы РФ тергеу комитетінің төрағасына ресми өтініш жасаған. Содан кейін Мәскеудегі тергеу органдары процессуалдық тексеру бастады.
Марқұмның туыстары Германияда да отбасылық зорлық болған деп есептеген. Айгүлдің ағасының айтуынша, ол ұзақ уақыт бойы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған, ал оның жұмбақ өлімі, жүкті болған кезінде болды. Былтыр маусымда Германия полициясы күдіктілер қатарында әйелдің енесі, Қазақстан азаматы Наталья Донцованы ұстауға ордер дайындап, оны іске тікелей қатысы бар адам деп атады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Тоқаев соғысты «мұздатуды» ұсынды: Президенттің Омбыдағы мәлімдемесі нені аңғартады?
- Алматыда есірткі жарнамасы бар QR-код жапсырып жүрген адам ұсталды
- Құрылтай: Сайлауалды науқан басталды, партиялар өңірлерге шықты
- Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енгізілді
- Әділет министрлігі NCOC-тан мәжбүрлеп өндіру шараларын бастады
- Астанадағы нөсерден кейін көшеден 100-ден аса көлік нөмірі табылды
- АҚШ пен Сауд Арабиясы арасындағы ядролық келісім неге дауға айналды?
- АҚШ пен Ұлыбритания Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қорғау мақсатында халықаралық коалиция құрмақшы
- Өз стадионын Канье Уэстке қалдырып, «Қайрат» Түркістанда ойын көрсетеді
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады
- Қытай мен Еуроодақ арасында «сауда соғысы» басталды
- Астанадағы әуетакси сынағы: Алғашқы вертипорт қайда салынады?
- «Тек жәбірленушінің жауабымен соттады»: 15 және 25 жылға сотталғандардың туыстары дабыл қақты
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қайтадан төмендетті — 16,75 %
- АҚШ-тың жаңа кедендік баждары: Қазақстанға қатысы бар ма?
- ІІМ блогерлер мен ақпараттық ресурс иелеріне иелеріне ескерту жасады
- «Алтыналмас» АҚ кен орнында жұмысшы қаза тапты
- ЕО Google компаниясына 890 млн еуро айыппұл салды
- Астанада көкөніс дүкеніне кіріп кеткен көлік 15 жастағы қызды жаралады