Сталкингке қарсы заң жобасы: Қыз алып қашу — дәстүр ме, қылмыс па?
Иллюстрация: Оrda.kz
Мәжілісте дәстүр мен қылмыстың ара-жігін ажырату мәселесі талқылануда. Сталкингке қарсы жаңа заң жобасына некеге тұруға мәжбүрлегені үшін жауапкершілік қарастыратын нормалар да енгізілді. Оның ішінде қызды өз еркінен тыс алып қашу әрекеті де бар, деп хабарлайды Orda.kz.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев бұл бастаманың дәстүрлермен күресуге бағытталмағанын атап өтті. Оның айтуынша, қыз бен жігіттің өзара келісімімен қыздың сүйіктісімен бірге кетуі — «қазақтың жақсы дәстүрі».
«Біз қызды өз еркіне қарсы алып қашу мәселесін талқылап отырмыз. Мұның жақсы дәстүрге ешқандай қатысы жоқ», — деді омбудсмен.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов некеге мәжбүрлеу туралы бап бойынша күдікті ретінде тек ер адам ғана емес, әйел адам да танылуы мүмкін екенін түсіндірді. Мысалы, егер әйел немесе оның туыстары некеге тұруды талап етіп, қорқыту немесе күш қолдану әрекеттеріне барса.
Жүкті әйелдің ер адамнан өзіне үйленуді талап етуі өздігінен қылмыс болып саналмайды. Қылмыстық іс қозғау үшін қорқыту, күш қолдану немесе мәжбүрлеудің басқа да белгілері болуы қажет.
Аталған баптың санкциясы бойынша екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Қазіргі уақытта мұндай істерді тергеу тәжірибесі әлі қалыптаспаған.
Полиция сталкингке аңду, қудалау барысында қорқыту, балағаттау, жала жабу, интернет арқылы аңду, жеке хат-хабарды оқуға әрекет жасау, бейнекамералар мен GPS-трекерлер арқылы бақылау секілді әрекеттер жататынын мәлімдеді. Мұндай әрекеттер уақыт өте келе зорлық-зомбылық, денсаулыққа зиян келтіру сияқты ауыр қылмыстарға ұласуы мүмкін.
Қылмыстық кодекстің 115-1-бабына сәйкес жаза ретінде 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық