Сүйіп, порно көрсетті: 15 жастағы қыз атасы жасаған анайы қылықтарды айтып берді
Фото: Бейнежазбадан кадр
Алматы облысында 15 жастағы мектеп оқушысы өз атасының тарапынан бірнеше ай бойы жыныстық сипаттағы қудалауға ұшырағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
КТК телеарнасының мәліметінше, анасы жұмыста болған кезде туысы оған тиісіп, құшақтап, сүйіп, порнографиялық материалдар көрсеткен.
«Түнде бөлмеме келіп, кеудем мен жамбасымнан ұстайтын. Кейде мойнымнан сүйетін. Бір күні ыдыс жуып жүргенімде атам шақырып алды. Кейін маған жалаңаш ерлер мен әйелдер бейнеленген видеолар көрсетті. «Міне, қара, бұлар сенің қатарластарың» деді. Мен ашуланып, сіңлімді ертіп алып, кешке дейін далада жүрдім», дейді оқушы.
Мектеп оқушысының сөзінше, қудалау биылғы наурыз айында басталған. Алайда ол жүкті анасын алаңдатпау үшін бұл туралы ешкімге айтпаған.
Қыздың айтуынша, 62 жастағы атасы түнде бөлмесіне кіріп, сүйіп, денесіне қол тигізген. Ал күндіз ұлы мен келіні жұмыста болған кезде немересіне порнографиялық бейнематериалдар көрсеткен.
Жасөспірімнің анасы медбике болып жұмыс істейтінін айтты. Кейде түнгі ауысымға қалады. Бірінші күйеуі қайтыс болғаннан кейін ол екінші рет тұрмысқа шыққан. Алғашқы некеден екі баласы, екінші некеден кішкентай қызы бар.
Әйелдің айтуынша, қызы болған жағдайды айтып бергеннен кейін ол күйеуімен сөйлесуге тырысқан. Алайда жұбайы оны тыңдаудың орнына күш қолданған.
«Үлкен қызым маған үйдегілер ұйықтап қалған кезде атасының көрпенің астына кіріп, жамбасынан ұстайтынын айтты. Осыдан кейін қызым жастығының астына пышақ жасырып қоя бастаған. Мен жұмыста жүргенде қайын атам балаға порнографиялық материалдар көрсеткен. Барлығын күйеуіме айттым. Бірақ ол мені тыңдаған жоқ, керісінше ұрып-соқты», дейді әйел.
Осыдан кейін жүкті әйел үш баласымен бірге үйден кетіп, полицияға қайын атасының үстінен арыз жазған.
Қазіргі уақытта әйел мен балаларды жанашыр азаматтар уақытша паналатып отыр. Ал күдікке ілінген ер адам әзірге бостандықта жүр. Белгілі болғандай, ол мектеп автобусының жүргізушісі болып жұмыс істейді.
Алматы облыстық полиция департаментінде аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір құқық қорғау органдары
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық