Тергеудегі Тәшиев көпшілік алдына шығып Жапаровты мақтады
Фото: Бейнежазбадан кадр
Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Камчыбек Тәшиев қызметінен кеткеннен кейін тағы да көпшілік алдына шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеода Тәшиев Сокулук ауданындағы Қызыл-Туу ауылында көпбалалы отбасына жаңа үй сыйлап, жиналған жұрт алдында сөз сөйлеген. Ол бұл бастаманы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасымен байланыстырып, президент Садыр Жапаровтың тұрғындарды баспанамен қамту саясатын жоғары бағалады.
Кейін Тәшиевтің жақтастары оның Сокулукта шағын футбол алаңын ашқан тағы бір видеосын жариялады.
Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді: бірі оның қайырымдылық қызметін қолдаса, енді бірі мұны 2027 жылғы президент сайлауы қарсаңындағы саяси науқанның бастамасы ретінде бағалаған.
Еске салайық, Тәшиев қазіргі таңда «75 адамның хаты» деп аталатын іс бойынша айыпталушылардың бірі. Оған билікті басып алуға дайындалу және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану баптары бойынша айып тағылған. Өзі және басқа айыпталушылар бұл айыптарды жоққа шығарып келеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық