Қазақстандағы несиелерге не болып жатыр: Ұлттық банк жағдайды түсіндірді
Фото: Pexels
Қазақстанда қаржы реттеушілері енгізген шектеу шараларынан кейін тұтынушылық несиелеудің өсу қарқыны бәсеңдей бастады. Ал бизнеске берілетін несиелер бұрынғыдан да жоғары қарқынмен өсіп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
Мәжіліс кулуарында журналистер Ұлттық банк басшысынан халық пен бизнестің қарыз жүктемесі артып жатқан жағдайда ресми статистиканың қаншалықты шынайы екені және қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы сұрады.
Сүлейменовтің айтуынша, соңғы үш-төрт жыл бойы халыққа берілетін несиелер жыл сайын шамамен 30 пайызға өсіп отырған. Осыған байланысты Ұлттық банк Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, тұтынушылық несиелеудің шамадан тыс өсуін шектеуге бағытталған бірқатар шара қабылдаған.
«Біз тұтынушылық несиелеудің шамадан тыс өсуін шектеуге байланысты бірқатар шара қабылдадық. Атап айтқанда, халыққа берілетін несиелер бойынша салалық контрциклдік капитал буферін енгіздік», — деді Сүлейменов.
Сонымен қатар тұтынушылық несиелердің мерзіміне қойылатын талаптар күшейтілді. Ұлттық банк басшысының айтуынша, бұған дейін мұндай несиелер 5, 7, тіпті 9 жылға дейін беріліп келген. Бұл ай сайынғы төлем мөлшерін азайтып, кейбір шектеулерді айналып өтуге мүмкіндік берген.
Сондай-ақ салықтық өзгерістер енгізілді. Енді банктердің халықты несиелеуден алатын табысына 25 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады. Ал бизнеске берілген несиелерден түсетін табысқа корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі бұрынғыдай 20 пайыз деңгейінде сақталады.
«Осылайша банктер үшін халыққа қарағанда бизнесті көбірек несиелеуге қосымша ынталандырулар пайда болады», деп атап өтті Сүлейменов.
Оның сөзінше, қабылданған шаралар қазірдің өзінде нәтиже бере бастаған. Тұтынушылық несиелердің өсу қарқыны шамамен 10 пайызға дейін баяулаған. Ал бизнеске берілетін несиелер көлемі шамамен 18 пайыздық қарқынмен өсіп келеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық