Алматыда жүргізуші бес адамды қағып, тағы бір көлікке соғылды
Фото: Orda.kz
Алматыда Audi автокөлігінің жүргізушісі жол үстінде тұрған жаяу жүргіншілерді қағып, кейін тұрақта тұрған көлікке соғылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 9 маусым күні таңғы сағат 08:20 шамасында болған.
«Алдын ала деректер бойынша, Audi көлігінің жүргізушісі Зенков көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, жолдың жүру бөлігінде тұрған бес жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Зардап шеккендердің барлығына алғашқы медициналық көмек көрсетілді», деп хабарлады полиция.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, жаяу жүргіншілер сол сәтте жолды кесіп өтпеген, әркім өз орнында көлік күтіп тұрған.
Жүргіншілерді қағып кеткеннен кейін жүргізуші қозғалысын жалғастырып, тұрақта тұрған Toyota көлігімен соқтығысқан.
«Соққы кезінде көлік иесі салонда болмаған. Соққы инерциясымен Toyota жанында тұрған Subaru көлігіне де тиген, оның жүргізушісі де көлікте болмаған», деп нақтылады полиция өкілдері.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Еске салсақ, бас прокуратураның мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 1347 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Қаза тапқандар саны 17%-ға азайғанымен, зардап шеккендер саны 3,3%-ға өскен.
Бұған дейін мектеп қызметкері мас болып көлік айдап, екі бала мен жүкті әйелді қағып өлтірді. Арыс қаласында 52 жастағы мұғалім жол талғамайтын көлікпен жоғары жылдамдықта қоршауды бұзып өтіп, орындықта отырған бес адамды қағып кеткен еді. Салдарынан адамдардың кейбірі кірпіш қоршауға қысылып қалған.
Аталған оқиғада 29 жастағы жүкті әйел, оның екі жасар ұлы және көршілердің бес жасар қызы оқиға орнында қаза тапты. Тағы үш адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткенімен, кейін полиция оны анықтап, ұстады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық