Алматы көшесін «жасанды интеллектпен тазалай салған» қызметкер жұмыстан кетті
Фото: Threads
Алматының Бостандық ауданында қала көшелерінің бірін «жасанды интеллект көмегімен тазалай» салған мемлекеттік қызметкердің жауапқа тартылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бостандық ауданы әкімдігінің хабарлауынша, Левитан көшесіндегі (№125 мектептің қарсы беті) тазалау жұмыстары көрсетілген фотосуреттердің жасанды интеллект арқылы өңделгені анықталған.
Алайда бұл жағдай бойынша қызметтік тексеріс жүргізілмеген, себебі «инновациялық» әдісті шебер қолданған мемлекеттік қызметкер өз кінәсін толық мойындаған.
«Левитан көшесін тазалау бойынша жарияланған фотосуреттердің жасанды интеллект арқылы өңделуіне байланысты қызметтік тексеріс жүргізудің қажеті жоқ, өйткені мемлекеттік қызметкер жіберілген заңбұзушылықты мойындады», – деп мәлімдеді әкімдік өкілдері.
Осыдан кейін аталған қызметкермен еңбек шарты бұзылып, ол қызметінен босатылды. Яғни, оның мемлекеттік органмен қызметтік қатынастары толық тоқтатылған.
Әкімдік өкілдері бұл іс бойынша қосымша тексеріс жүргізілмейтінін де атап өтті.
«Қызметтік тергеудің мақсаты – тәртіптік құқықбұзушылықтың мән-жайын анықтау және жауапкершілік мәселесін қарау. Бұл жағдайда аталған мақсаттар өзектілігін жоғалтты, сондықтан қосымша тексеріс жүргізуге негіз жоқ. Мәселе толық шешілді», деп түсіндірді ведомство.
Еске салайық, мамыр айының ортасында Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде жазба жариялап, Бостандық ауданы әкімдігін көшелерді тазалау жұмыстарында жасанды интеллект қолданды деп күмәнданған еді.
Бұл жазба желіде тез таралып, 100 мыңға жуық қаралым жинады. Пайдаланушылар суреттердің бірін әлеуметтік желі жасанды интеллект арқылы жасалған немесе өңделген деп белгілегенін байқаған.
Сондай-ақ, «дейін» және «кейін» деп жарияланған фотоларда бірдей көлеңкелер, ұқсас ракурстар мен қайталанатын детальдар бар екеніне назар аударылды.
Кейін әкімдік бұл жағдай бойынша тексеріс басталғанын хабарлап, аумақты тазалауға жауапты мердігер компанияны Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша жауапкершілікке тартқан. Алайда жаза түрі нақтыланбады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық