Сарбаз оқпанда қалған пулемет оғынан қаза тауып, офицер 4 жылға сотталды
Фото: Ашық дереккөзден
Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 23 қыркүйекте қаруға техникалық қызмет көрсету кезінде пулеметтен абайсызда оқ атылып, салдарынан қатардағы жауынгер Ә.Сейітқали қаза тапқан, деп хабарлайды Orda.kz.
Тергеу барысында батальон командирінің орынбасары қарумен жұмыс істеп жатқан кезде қауіпсіздік талаптарының сақталуы қамтамасыз етілмегені анықталды. Атап айтқанда, атыс жаттығуларынан кейін қаруды толық тексермеген. Салдарынан оқпан ішінде оқ қалып қойып, соңы қайғылы оқиғаға әкелген.
Полиция аталған оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады.
«Техникалық оқиға болған жерде жақын маңда жүрген бөлім қызметкерлеріне дер кезінде медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта қызметтік тексеру жүргізілуде. Қызметкерлердің біразы зардап шеккені және олардың ауыр жағдайда екені туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Азаматтарды расталмаған мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырамыз және жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз» деп жазылған хабарламада.
Офицер Қылмыстық кодекстің 453-бабының 2-бөлігі бойынша — ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау фактісімен кінәлі деп танылды. Сот жауапты офицерді ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық