«Нұрғанатты ұрайын деп бардым, бәкі салып алдым»: Шерзаттың сотында Шыңғыс Белғожаев жауап берді
Фото: Orda.kz
Бүгін, 16 мамырда Шерзат Полаттың соты жалғасып, күдіктілер сот алдында жауап беріп жатыр. Алайда, бесінші сотталушы Дидар Қалиахмет бүгін жауап беруге дайын емес екенін айтты. Ал Шыңғыс Белғожаев мылтық атқан Нұрғанат Ғайыпбаевты ұру үшін барғанын, алайда шатасып Шерзатты ұрғанын мойындады, деп хабарлайды Orda.kz.
Күдікті Шыңғыс Белғожаев жауап бере бастады. Ол өзінде бәкі болғанын мойындады. Сонымен қатар, Белғожаев өз жауабында Қаржаубайдың қолынан пышақ көргенін айтты.
«Мен негізінен сол жерде мылтық атқан Ғайыпбаевты ұрамын деп барғанмын. Бірақ артынан бейнежазбада көрсетілгендей, шатастырып Шерзатты ұрып жібердім. Мылтықты төбелестен көлікке мініп кеткен соң, алыс жаққа лақтырып жібердім», — деп айтты Шыңғыс Белғожаев.
Сонымен қатар, Белғожаев көліктегі пышақты қорғану мақсатында қалтасына салып алғанын мойындады.
«Абзал пышақтап жібердім деп айтты. Бірақ кімді, қанша рет пышақтағанын білмеймін», — деді Шыңғыс Белғожаев.
Шыңғыс Белғожаев өзінің бұған дейін берген жауабымен толық келіспейтінін, тергеу кезінде қысым көргенін айтты. Үстіне жарақат түспегенін, өзін тергеушілер пакетпен тұншықтырғанын мәлімдеді. Оның бұған дейін қысым жайлы мүлде айтпағаны белгілі болды.
«Нұрбол маған өзін ұрып жібергенін, пышақпен адамдар жүргенін айтқан соң бәкімді салып шықтым. Нақты сөйлесу үшін бардық. Нұрболды салып алып, қайту болды мақсатымыз», — деді Шыңғыс Белғожаев.
Прокурордың пышақты тағы кімнің қолынан көрді деп сұрағанда Шыңғыс Белғожаев білмейтінін айтты. Шерзаттың кімнен қашқанын сұрағанда да, білмеймін деп жауап берді. Ал пышақ жарақатын алып, жерде отырған марқұм Шерзат Полатты неліктен ұрғанын сұрағанда:
«Мен шатастырып ұрдым. Мен сақалды, мылтық атқанды ұрайын деп барғанмын. Кейін бейнежазбадан көргенде Шерзатты ұрғанымды білдім», — деді Шыңғыс Белғожаев.
Кейін бейнежазба қойылды. Шыңғыс Белғожаев сол түні отырған Шерзатты тепкенін мойындады. Прокурор шатастырып алуы мүмкін емес екенін, Шерзаттың қызыл киімде, ал Нұрғанаттың басқа киімде екенін айтты. Анасының көзінше неге бұлай қатыгездік істегенін сұрағанда:
«Мен анасын байқамадым. Қараңғы болды. Иә, бейнежазбада барамын, тебемін. Ағасын ұрамын деп шатастырып, Шерзатты ұрдым», — деді Шыңғыс Белғожаев.
Шыңғыс Белғожаев Ғайыпбаевты ұрмағанын айтты.
«Олар мылтықпен, пышақпен шықпағанда мұндай төбелес болмайтын еді», — деді Шыңғыс Белғожаев.
Шыңғыс Белғожаев «Нұрқияс одан тартып алған мылтықпен басынан ұрып, талдырып тастады» деп бұрын жауап берген болатын. Прокурор сол жауабын оқыған соң, Шыңғыс Нұрқиястың екі рет мылтықтың сабымен Нұрғанаттың желке тұсынан ұрғанын нақтылады.
Шыңғыс Белғожаев бұған дейінгі жауабында бәкінің сабымен Шерзатты ұрғанын айтқан еді, осы жолы сот отырысында бәкімен ұрғанын мойындамайтынын айтты.
Сотта Шыңғыс Белғожаевтың бұған дейін Шерзат Полатты бәкімен ұрғанын мойындаған бейнежазбасы көрсетілді.
Прокурор «Сізді достарыңыз Чика деп атай ма? Сондай лақап аты бар достарыңыз бар ма?» деген сұрағына: «Жоқ» деп жауап берді. Еске сала кетейік, Кеше Нұрболат Тоқтаубаев Шыңғыс Белғожаевқа Чина деп хабарласқаны айтқан еді.
Кеше Нұрбол Тоқтаубаев сот барысында Чика деген лақап атты адамның кім екенін түсіндірді. Оның айтуынша Шыңғыс Белғожаевқа хабарласып, інісі Азамат Тоқтаубаевты шақырмақшы болған кезде оған Чина деп хабарласқанын Ғайыпбаев естіген екен. Оны Ғайыпбаев басқаша Чика деп естіп, түсініспеушілік болды. Ал куәгер Санат Абдықадырдың төбелеске араласпағанын оның тікелей дүкенге кіріп кеткенін айтты.
Назарларыңызға айыпталушылардың тізімін ұсынсақ:
1. Абзал Шынасыл - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі), «Адам өлтіру» (99-бап 2-бөлігі), «Адам өлтіруге оқталу» (24-бап);
2. Равиль Сакиев - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі), «Адам өлтіруге оқталу» (24-бап 2-бөлігі);
3. Шыңғыс Белғожаев - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі);
4. Дархан Әскентай - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі);
5. Нұрқияс Ілиясов - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі);
6. Нұрбол Тоқтаубаев - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі);
7. Дидар Қалиахмет - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі);
8. Азамат Тоқтаубаев - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі);
9. Думан Ыскақ Кайдарұлы - кәмелетке толмаған. 434-бап бойынша айып тағылған.
Оқиға орнында болған Дана Жақсыгелді мен Эльмира Нұрбекова және Санат Абдықадыр куәгер болып, сот алдында жауап берді.
4 қазан күні марқұм Шерзат оны жұдырықпен бір ұрған соң, Дархан Әскентай осы Нұрбол Тоқтаубаевты шақырған болатын. Сонымен дау шығып, бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубаймен, ұлы Шерзатпен және ағасы Нұрғанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды. 9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі марқұм Шерзаттың зиратының қасынан табылды. 12 қазан күні Азат ауылындағы марқұм болған Шерзаттың отбасының үйі өртеніп кетті.
Еске сала кетсек, ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен прокурор Берік Адамов және тергеу ісін қолға алған Самат Айысов 15 қазан брифинг өткізген. Олардың артынан ұсталғаны мәлім болды. Ұсталғандардың кім екенін сол брифингте белгілі болды.
Олар «хуторлықтар» деген қылмыстық топтың бар екенін жоққа шығарды.
Жаңалықтар
- ӘЧ–2026: Бельгия G тобында жеңіске жетті, Иранның тағдыры кейінірек шешіледі
- Мектепке жөндеу жүргізілмесе де 78 млн теңге төлеген шенеуніктер жазаланды
- Астанада жолаушылар автобусы өртеніп кетті
- Жетісу облысындағы тасжолда түнгі жол апаты болып, бес адам қаза тапты
- Алматыда неге жарық жиі өшіп, бағдаршамдар істемей тұр?
- БҰҰ: Есірткінің жаңа түрлері нарықты жаулап барады
- Бітім жайына қалды: АҚШ пен Иран бір-біріне соққы жасады
- Францияда аптап ыстыққа байланысты ядролық реакторлардың жұмысы уақытша тоқтатылды
- ӘЧ-2026: Алғашқы екі аптада турнирге 3,6 миллион көрермен келіп, рекорд жаңартты
- Тоқаев әскерге шақыру, ант қабылдау және запасқа шығару рәсімдерінің жаңа тәртібін жариялады
- Ажырасқандардың жеке сот орындаушы ақысын екі жақтап төлеуі — Конституцияға қайшы
- Екі жыл бойы алимент төлемей, 4,7 млн теңге қарыз жинаған тұрғын жазаланды
- Тарихи сәт: Мәжіліс соңғы отырысын өткізді
- Қазақстан Иран портында жерді жалға алып, мұхитқа шығуды жоспарлап отыр
- Ұлттық футбол құрамасы Талғат Байсуфиновтың орнына жаңа бас бапкер іздеп жатыр
- Гүлнәр Бажкеноваға қатысты сот екінші шілдеде басталады
- Жер телімін алып беремін деп 33 адамды алдаған маман сотталды
- ҚР СІМ: Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді
- Астанада Ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтардың денесі жер қойнына тапсырылды
- Қазақстандықтар енді БАӘ-де жүргізуші куәлігін оңай айырбастай алады