Келесі Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қазақстанда өтеді
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Президентке Парламент Мәжілісінің қазіргі заң шығару қызметі туралы ақпарат берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Мәжіліс депутаттары «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы», «Конституциялық сот туралы», «Прокуратура туралы» заң жобаларын, сондай-ақ бірқатар конституциялық және басқа да заңдарға енгізілетін өзгерістерді қарастырып, Сенатқа жолдады. Аталған құжаттарды талқылауға сарапшылар тобы қатысты және қоғам мен БАҚ үшін жария түрде өтті.
Палата мақұлдаған заң жобалары биылғы 5 маусымда өткен референдумда халық дауыс берген конституциялық реформалардың негізгі ережелерін жүзеге асыруға бағытталған. Енгізілетін заң нормалары азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуын күшейтуге және тұрғындардың еліміздің саяси өміріне араласу мүмкіндігін кеңейтуге септігін тигізеді.
Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа парламенттік дипломатия және шет мемлекеттердің заң шығарушы органдарымен арадағы іс-әрекеттер аясындағы жұмыстардың негізгі басымдықтары туралы айтты.
Мәжіліс төрағасы Тоқаевқа Түркияның Изник қаласында өткен IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне еліміздің делегациясының қатысқаны жөнінде баяндады. Түркі қоғамдастығы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын 2024 жылы Қазақстанда өткізу жөніндегі ұсынысты бірауыздан қолдады.
Жаңалықтар
- Алматы облысында екі баланың анасы көлік қағып қаза тапты
- Отандық баскетболға 100 жыл: Тоқаев FIBA президентін қабылдады
- Бірі қабірде, бірі мүгедек: Екі адамды қаққан 21 жастағы жүргізушіге апелляция сот шешімі қандай?
- Алматыдағы электр өшуіне Канье Уэсттің қатысы жоқ – Энергетика министрлігі
- Атырау МӨЗ-де өрт шықты
- Арменияда экс-президент Роберт Кочарян мен оның ұлы ұсталды
- ОСК қорытындысы: Ең көп мандатты «Әділет» партиясы иеленді
- Башар Асад режимінің бұрынғы мүфтиі өмір бойына бас бостандығынан айырылды
- Қазақстанда көмір тапшылығы болмауы үшін үкімет ЖИ-ге жүгінеді
- «Сұңқар» трамплиндері ісі: Алматы соты Ерлан Сариевті ақтады
- «Қалқаман» метро станциясы қашан ашылатыны белгілі болды
- Шымкентте спорт шеберін азаптап өлтірді деген алты адамның соты басталды
- Ұлттық экономика министрі 2029 жылға дейін болжам жасады
- Атырау облысында ер адам жүкті әйелін аяусыз соққыға жыққан
- ШҚО-да 13 жастағы қыз байлаулы аттың арқанына соғылып, қаза тапты
- Қазақстанда электрсамокатшыларға заң күшейді: Енді тротуарда жүруге болмайды
- Қостанайда енесі мен келіні жанжалдасты: Іске полиция араласты
- Тоқаев ақын Марфуға Айтқожаны 90 жасқа толуымен құттықтады
- Жаһандық жылыну: Дүниежүзілік мұхит температурасы 50 жыл бұрынғы рекордтан асып кетті
- ЕҚЫҰ Қазақстандағы сайлауды бақылаудың алғашқы қорытындысын жариялады