Қаржы министрлігі: Алматыдағы ЖШС басшысының жалақысы 131,5 млн теңге
2026 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан үкіметінде салық төлеушілер туралы барлық негізгі мәліметтер жинақталған Big Data бірыңғай талдамалық платформасының жұмысы туралы айтылды. Соның арқасында ҚР Қаржы министрлігі Алматыдағы бір мердігер басшының жалақысының адам сенгісіз көтерілгенін анықтаған, деп хабарлайды Orda.kz.
Платформада жылжымайтын мүлік, көлік, жер учаскелері, қаржылық операциялар және валюталық бақылау шеңберіндегі халықаралық мәмілелер туралы ақпарат жинақталған.
Мәліет бойынша Big Data аналитикалық құралдары 2025 жылы 700 млрд теңгеден астам салықтар мен төлемдердің қосымша түсімдерін қамтамасыз етті және бақылаудың атаулылығын арттырыпты.
«Ұсынылған салық декларациялары мен жазып берілген шот-фактуралар бойынша ашықтық заңсыз схемаларды қолдану белгілерін анықтаудың қосымша құралдарын береді... Қаржы министрлігінің басшылығы нақты мысал келтірді. Мәселен, Алматыда жайлы мектептер салуға мемлекеттік келісімшарттар алу қарсаңында жалақының едәуір көтерілгені анықталды. Нысандардың бірінің құрылысы кезінде ЖШС басшысының жалақысы 131,5 млн-ға дейін ұлғайған, бұл құрылысқа жұмсалатын шығынның да ұлғаюы мүмкін екенін білдіреді» деп жазылған ҚР Үкіметінің хабарламасында.
Осы факті бойынша Қаржы министрлігі тексеру тағайындап, жұмыс істеп жатыр.
Қазақстанда «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында жүздеген жаңа мектеп салынып жатыр. Бұл жоба білім сапасын арттырып, оқушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында іске қосылған. Алайда оның жүзеге асырылуы көптеген сұрақ тудырады. Мектептердің құны қалай өсіп жатқаны туралы материалды мына жерден оқыңыз.
Еске салсақ, Алматыда Конституция күні мен Білім күніне орай, «Келешек мектептері» жобасы аясында 22 500 оқушыға арналған 12 жаңа мектеп есігін ашты.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық