Алматыда екі компанияның құрылысы уақытша тоқтатылды
Фото: Егемен Қазақстан
Алматы қаласының әкімдігі екі құрылыс компаниясының тұрғын үй нысандарын салу жұмыстарын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Orda.kz.
«Бостандық ауданындағы Розыбақиев – Қатаев – Радостовец көшелері арасындағы аумақта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарды CAMH Realty және «ВЕК-Тұмар» компаниялары іске асырып жатыр. Дегенмен, нақты жоспарлау жобасына (НЖЖ) сәйкес, аталған аумақта мектеп салу қарастырылған. Осыған байланысты, білім беру нысаны үшін жер телімінің шекарасы нақтылағанға дейін кейбір тұрғын үй жобаларын жүзеге асыру кейінге шегерілді» деп жазылған Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Әкімдіктің мәліметінше, тұрғындармен, сондай-ақ CAMH Realty және «ВЕК-Тұмар» компанияларының өкілдерімен өткізілген кездесулер нәтижесінде құрылыс жұмыстарын жобалық құжаттамаға қажетті өзгерістер енгізіліп, жер телімінің шекарасы Алматы қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан нақтыланғанға дейін уақытша тоқтату жөнінде келісімге қол жеткізілген.
«Алдағы уақытта барлық шешімдер қала тұрғындарының мүддесі мен қолданыстағы заңнама талаптарын ескере отырып қабылданады. Бұл мәселе Алматы қаласы әкімдігінің бақылауында», деп қосты әкімдік.
Еске салсақ, Медеу ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан оқу орнына қатысты Алматы әкімі Bazis-A иесiне сенімді ақтамай отырғанын ескерткен болатын.
Сонымен қатар Дархан Сатыбалды Алматыда мектептер, балабақшалар мен жолдардың құрылысын кешеуілдетіп жатқан жауапты мекемелерге қатаң сын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық