Қаржаубаймен жолыққан әйелі түрмедегі жағдайы жайлы мәлімдеді
Коллаж: Orda.kz
Бүгін, 13 желтоқсанда, Қаржаубай Нұрымовтың жары Гүлбара Бишімбиеваның видеосы ресми парақшада жарияланды. Ол жұбайына үйден дайындаған ыстық тамақ пен жылы киім тапсырғанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның сөзінше, Қаржаубайдың денсаулығы жақсы, еш жарақаты жоқ.
«Бүгін мен адвокаттармен Қонаевқа Қаржаубайды көруге келдім. Заңды түрде бізді кездестіруге рұқсат берді. Үйден ыстық тамақ, жылы киімдер алып келдім. Жағдайы жақсы, денесінде ешқандай жарақат жоқ. Менің көзімше «бәрі жақсы» деп айтты. Өз көзіммен көрдім. Қаржаубайда бәрі жақсы», — деді Гүлбарам Бишімбиева.
Естеріңізге сала кетейік, Қаржаубай Нұрымов 10 желтоқсан күні ағасының жаназасында ұсталды. Ол жүк көлігінің төбесіне шығып, ұлы мен ағасының өліміне қатысты әділ тергеу жүргізуді талап еткен болатын. Сот оны ұсақ бұзақылық пен полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады деген айыппен 15 тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Алайда Нұрымов бұл айыптарды жоққа шығарып, тек полиция көлігінің дөңгелектерін тескенін мәлімдеді.
Еске сала кетейік, Orda.kz бұған дейін отбасының адвокаты полиция сөздерін жоққа шығарып, туыстары да, өкілдері де Қаржаубайды ұстауды сұрамағанын мәлімдеген болатын.
Еске сала кетсек, 10 желтоқсанда Азат ауылында Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың жаназасы өте салысымен арты үлкен дауға айналды. Қаржаубай Нұрымов журналистермен кездесуді талап етіп, тіпті өз-өзін пышақпен жарақаттап тастады.
Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты оқиғаның егжей-тегжейін мына репортаждан оқи аласыз.
Еске сала кетсек, ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен бас прокурор Берік Адамов және тергеу ісін қолға алған Самат Айысов 15 қазан брифинг өткізген. Олардың артынан ұсталғаны мәлім болды. Ұсталғандардың кім екенін сол брифингте айтып берген еді.
Шерзаттың үйі өртенген түні болған оқиғаны мына сілтемеден оқыңыз.
Сонымен қатар кейін ұсталған екі адам жайлы, күдіктілердің бірінің анасы БАҚ-та айтылып кеткен санды толтыру үшін ұлын жазықсыз ұстағанын айтып мәлімдеме жасаған болатын.
Жаңалықтар
- Румынияда әйелдерді өлтіргендер өмір бойына бас бостандығынан айырылады
- Депутат Базарбек эмоциясын тежей алмай, «Болашақ» жүйесін қатаң сынға алды
- Қазақстанның жоғары білім саласында миллиардтаған шығын анықталды
- Мәжілісте түлектерді жұмыспен қамту туралы мәлімет сынға ұшырады
- Қылмыстық іс қозғалды: Желтоқсан оқиғасына қатысқандарды балағаттаған әйел полицияға жеткізілді
- 1 мамырдан бастап не өзгереді: Төлемдер, маусымдық шектеулер және емтихан кезеңі
- Тоқаев Нидерландтың ұлттық мерекесімен құттықтады
- ІІМ банк арқылы болатын алаяқтықтың жаңа түрін ескертті
- Тәрбиеші ұрған баланың ата-анасы арыз жазудан бас тартқан
- Қазақстандықтардың деректерін сатқан: Астана мен Алматыда қылмыстық топ құрықталды
- Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
- Трамп қатысқан кездесудегі атыс: Шабуыл туралы не белгілі?
- Таяу Шығыс бойынша келіссөз өткізу алаңы ретінде Түркістан ұсынылды
- Ақша айналымы 557 млн теңге: Шымкентте интернет-казино ашқан тұрғын ұсталды
- Қолына «қайтыс болғаны» туралы күәлігін алған Владимир Шремф «тірілді»
- Ақтауда жұмысшыларды күйік шалды: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтты
- Трампқа қастандық жасамақ болған ұстаздың манифесі жарияланды
- Колумбияда автобус жарылды: 14 адам қаза тауып, 40-қа жуық адам жараланды
- Бұрынғы қазақстандық, қазір Германиядағы блогер Шаханов пен қазақ елін қорлады
- Өскеменде автожөндеу аумағында дизель отыны мен майдан тұтанған ірі өрт сөндірілді