«Қаржаубайды неге қамамайды?»: Шерзаттың ісіндегі айыпталушылардың туыстары өз шындығын айтты
Фото: Видеодан кадр
2024 жылы Талғарда 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубай Нұрымов, ұлы Шерзат Полат және ағасы Нұрқанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат қаза болды. Бұған дейінгі сотта жәбірленушілер мен куәгерлер сөз сөйледі. Халық бұл істі әлеуметтік желілерде қызу талқылап жатыр. Әлеуметтік желілерде Шерзаттың ісі бойынша сотталушылардың туыстары жасаған үндеу тарап кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Айыпталушылардың туыстары Шерзаттың әкесі Қаржаубайды өзінің ұлының өліміне кінәлі деп санайды.
«Әкесі тоқтатып, бұл жерде үлкендер бар, алдын алғанда Шерзат өлмес еді. Бәрін бастаған өздері. Пышақ, мылтық алып жүгірген өздері. Ұйымдасқан қылмыстық топ емес, біздің балалар татуласуға барған. Қаржаубайдың өзі арандатып отыр. Жанынан өтіп бара жатқандарды да қамап қойған. Қаржаубайлар жағын неге қамауға алмайды. Қаржаубай арандатып екі жақты соғыстырып отыр», – дейді ата-анасы.
Бейнежазбада айыпталушы Шыңғыс Белқожаевтың ата-анасы сөйлеп отыр. Олардың айтуынша бұл соғысты өздері бастаған. Қаржаубайдың, Нұрқанаттың Шерзаттың достары болған. Мылтық пен пышақ Қаржаубайлар жақтан шыққанын айтып шағымданды.
«Мылтық атылғаннан кейін біздің балалар мылтықты тартып алған. Мылтықты тартып алмағанда Құдай біледі қаншама адам қаза табарын. Біз әділ сот сұраймыз, екі жақты теңдей қарасын», – дейді айыпталушының туыстары.
2024 жылы 4 қазан күні Шерзат кісі қолынан қаза болғаннан кейін Қаржаубай Нұрымов пен Нұрқанат Ғайыпбаев бастаған марқұмның туыстары жолды жауып, әділ тергеу өткізуді талап еткен еді.
12 қазан күні Азат ауылындағы марқұм болған Шерзаттың отбасының үйі өртеніп кетті.
9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі табылды.
10 желтоқсанда Азат ауылында Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың жаназасы өте салысымен арты үлкен дауға айналды. Қаржаубай Нұрымов 10 желтоқсан күні ағасының жаназасында ұсталды. Ол жүк көлігінің төбесіне шығып, ұлы мен ағасының өліміне қатысты әділ тергеу жүргізуді талап еткен болатын. Сот оны ұсақ бұзақылық пен полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады деген айыппен 15 тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Алайда Нұрымов бұл айыптарды жоққа шығарып, тек полиция көлігінің дөңгелектерін тескенін мәлімдеді.
Осы кезде полиция туыстары мен адвокаттары өтінген соң, Қаржаубайды ұстадық деп мәлімдеген еді. Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты полицияға оның жақындары ұстаңдар деп айтпағанын мәлімдеді.
Еске сала кетсек, ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен бас прокурор Берік Адамов және тергеу ісін қолға алған Самат Айысов 15 қазан брифинг өткізген. Олар ешқандай да хуторлық баскесерлердің жоқ екенін айтып, ұсталғандардың кім екенін баяндады. Сол баспасөз жиналысында 3 пышақ, 1 мылтық айғақ ретінде алынғанын мәлімдеген еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық