Халық Кеңесі құрамына кімдер кіре алады?
Фото: gov.kz
Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» конституциялық заң жобасы қабылданды, деп хабарлайды Orda.kz.
Парламент бірінші оқылымда «Халық кеңесі» туралы конституциялық заң жобасын қабылдады.
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев атап өткендей, Конституциялық заң жобасында «Қазақстан Халық Кеңесі» жоғарғы конституциялық консультативтік орган ретінде құқықтық мәртебесі айқындалады.
Заң жобасының негізгі тұжырымдамасы қоғам мен мемлекет арасындағы жалпыұлттық диалогтың орнықты тетігін институционалдандырудан тұрады. Қазақстан Халық Кеңесі «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың негізгі құралы.
«Референдум өткізу туралы заң жобалары мен бастамаларды енгізуді қоса алғанда, негізгі мәселелер бойынша шешімдер қабылдайтын Сессия жоғары орган болып табылады. Сессиялар аралығындағы кезеңде тұрақты алқалы орган - Төралқа жұмыс істейді, ол ағымдағы қызметті және шешімдерді дайындауды қамтамасыз етеді», деп нақтылады вице-министр.
Құжатқа сәйкес, Қазақстан Халық Кеңесін халықтың мүддесін білдіретін жоғары конституциялық консультативтік орган ретінде бекіту ұсынылады.
Жаңа орган ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеумен айналысады. Сонымен қатар, Құрылтайға заң жобаларын енгізу, республикалық референдум өткізуге бастамашылық жасау және мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы диалогты қамтамасыз ету құқығына ие болады.
Жобаға сәйкес, Халық Кеңесі ұлттық-мәдени орталықтар, қоғамдық ұйымдар, өңірлік мәслихаттар мен қоғамдық кеңестер өкілдерінен паритеттік негізде қалыптастырылады.
Заң жобасын таныстарған Ерлан Сайыровтың айтуынша, Халық Кеңесі жылына кемінде бір рет шақырылатын сессиядан және президиумнан тұрады.
Бұдан бөлек, оның аясында комитеттер, комиссиялар мен жұмыс топтарын құру мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, заң жобасында Кеңес құрамын қалыптастыру тәртібі, мүшелеріне қойылатын талаптар, олардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ өкілеттіктерін тоқтату тетіктері нақты регламенттелген.
Құжатта Кеңес хатшылығының мәртебесі де айқындалған. Ол мемлекеттік орган ретінде құрылып, бюджет есебінен қаржыландырылады. Дегенмен, хатшылық құрамы шағын болады – шамамен 10 адамнан аспайды.
Ал Халық Кеңесі мүшелері қоғамдық негізде, яғни жалақысыз жұмыс істейді. Кеңес төрағасы Қазақстан азаматы болуы тиіс және қоғаммен жұмыс істей алатын, осы салада тәжірибесі бар әрі халық арасында қоғамдық-саяси беделі жоғары тұлға болуы қажет.
Жалпы алғанда, Халық Кеңесінің құрамына 126 адам кіреді.
Жекелеген кейбір бағыттарды пысықтау үшін тұрақты және уақытша комитеттер, салалық комиссиялар мен жұмыс топтары құрылады. Қызметті ұйымдастырушылық және талдамалық сүйемелдеуді мемлекеттік орган ретінде жұмыс істейтін Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығы қамтамасыз ететін болады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық