Трамп пен Си Цзиньпин Бейжіңде келіссөз өткізді
Фото: Ашық дереккөзден
АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайға екі күндік сапармен келіп, ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізді. Кездесудің негізгі тақырыптары сауда, Тайвань төңірегіндегі жағдай, Таяу Шығыстағы соғыс және Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Келіссөз шамамен екі сағатқа созылды. Одан кейін көшбасшылар салтанатты банкетке қатысып, көпшілік алдында бір-біріне қатысты оң пікір білдірді. 15 мамыр күні Трамп пен Си бірге шай ішу рәсімін өткізіп, түскі ас ішеді, содан кейін АҚШ президенті Қытайдан аттанады.
Негізгі тақырыптардың бірі Тайвань мәселесі болды. Си Цзиньпин Бейжің аралды Қытайдың бір бөлігі деп санайтынын тағы да атап өтіп, Тайваньға америкалық қару жеткізуге қарсы екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл мәселе екі ел арасындағы ең сезімтал тақырып болып қала береді және қақтығысқа әкелуі мүмкін.
Трамп келіссөздерден кейін Тайвань туралы Сидің мәлімдемесіне ашық жауап берген жоқ. Кейін АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент президенттің бұл тақырыпқа қатысты пікірін «жақын күндері» білдіретінін айтты.
Саммитте экономика мен бизнеске де үлкен назар аударылды. Трамппен бірге Бейжіңге америкалық ірі компаниялардың басшылары келді. Олардың қатарында Илон Маск, Тим Кук, сондай-ақ Boeing, Goldman Sachs, Visa, Meta және Nvidia компанияларының өкілдері бар. Банкет барысында Трамп Си Цзиньпинді 24 қыркүйекте АҚШ-қа келуге шақырды.
Бұл – АҚШ президентінің 2017 жылдан бері Қытайға жасаған алғашқы сапары. Сонымен қатар, бұл Трамп пен Си Цзиньпиннің 2025 жылдың күзінен бергі алғашқы жеке кездесуі. Сол кезде олар Оңтүстік Кореяда өткен АТЭС саммитінде жүздескен болатын. Ол келіссөздер негізінен экономикаға арналды, ал Трамп олардың нәтижесін «10-ның 12-сі» деп бағалаған еді.
Бастапқыда бұл сапар наурыз айының соңына жоспарланған болатын. Алайда Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Бейжіңмен келісім бойынша кейінге шегерілді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Үкімет Қашағанның 10,7 млрд долларлық келісімшарты бойынша жемқорлық болғанын мәлімдеді
- Иран Трамптың Ормуз бұғазын АҚШ-тікі деп жариялау жоспарына жауап берді
- ДСМ балаларға стоматологиялық көмек қолжетімділігін шынайы қамтамасыз етуді тапсырды
- 17 жыл бойы Еуропада қашып жүрген «Кинг-Конг» лақап аты бар қылмыскер сотталды
- Канье Уэсттің Алматыдағы концертінде қазақ тілі неге ескерілмеді?
- WBO Жәнібек Әлімханұлының дисквалификациясын тоқтатты, ол енді титулға үміткер
- Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын күшті жер сілкінісі болды: Қаза тапқандар бар
- Алматыдағы блэкаут: Қала көшелерінде 1300-ден астам заңбұзушылық болды
- Түркістан облысындағы жанармай бекетінде бензин таситын 10 тонналық көлік өртенді
- Дастан Сәтбаев жаңа маусымда «Бернли» сапында ойнайды
- Алматыда бағдаршамдар іске қосылып, метро жұмысын қайта бастады
- Канье Уэсттің концерті 15 тамызға ауыстырылды
- Қазақстандағы электр желісіндегі ақауға не себеп болды? KEGOC жауабы
- Шымкентте бұрынғы күйеуі әйелдің бетіне қышқыл шашып, күйдіріп тастады: Оқиғаның мән-жайы
- «Баланың басынан таяқпен ұрған»: Бейімдеу орталығының маманы балаларға қатыгездік көрсеткен
- Ана мен бала өлімі азайды: Қазақстан медицинасының жаңа көрсеткіштері
- 20 адам зардап шегіп, 45 млн теңгеден астам шығын келтірген алаяқ әйел сотталды
- Павлодар облысының тұрғыны полиция бөлімінде жұмбақ жағдайда қайтыс болды
- Отбасын қолдау орталығының заңгері әйеліне тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған
- Оралда септикке құлаған 8 жастағы қыз көз жұмды