Үндістанда қатты дауылдан 89 адам қаза тапты, Тоқаев көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: Үндістан БАҚ-тары
Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге Уттар-Прадеш штатында болған жойқын дауыл салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Orda.kz .
Мемлекет басшысы қаза болғандардың отбасыларына қолдау сөздерін жеткізіп, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Сәрсенбі күні Уттар-Прадеш штатына найзағай ойнап, қатты жел соғып, күшті нөсермен қатар жүрген қуатты дауылдан кемінде 89 адам қаза тапты. Ресми мәліметке сәйкес, табиғи апат бірнеше ауданда ауқымды қирауларға әкелген.
Ең көп зардап шеккен аудандар қатарында Прайяградж (21 адам қаза тапқан), Сант-Равидас-Нагар (14 адам), Фатехпур (11 адам) және Мирзапур (10 адам) бар. Сонымен қатар Уннао, Бадаун, Барейли және Пратапгарх сияқты басқа да аудандарда адам шығыны тіркелген. Дауыл ағаштарды тамырымен жұлып, үйлерді зақымдап, қабырғалардың құлауына себеп болған.
Уттар-Прадеш штаты билігінің есебіне сәйкес, дауыл салдарынан 53 адам жарақат алып, 114 жануар қырылған. Бірқатар аудандарда үйлер мен мүлікке зақым келгені хабарланды.
Ресми тұлғалардың айтуынша, қатты дауыл қабырғалар мен ағаштарды құлатып, көп жерге жай оты түскен. Табиғи апат сәрсенбі күні таңғы сағат 8:00-ден кешкі 23:30-ға дейін жалғасқан.
Үндістанның метеорологиялық департаменті батыс циклондарына байланысты ауа райының өзгеруіне орай Солтүстік Үндістанның кейбір аймақтарында найзағай мен дауыл қаупі туралы ескерту жариялады.
Ауа райының қолайсыздығынан 89 адам қаза тауып, 53 адам жарақат алды. Сондай-ақ 87 үй қирап, 114 мал басы қырылған.
Уттар-Прадештің солтүстік бөлігіндегі әдетте дауыл ыстық мезгілде наурыздан маусымға дейін - муссондар басталғанға дейін болады, олар әдетте жеңіл өтеді.
Жергілікті билік өкілдері келтірілген шығынды бағалап, зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетіп жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық