Forbes жариялаған Қазақстандағы 44 жасқа дейінгі ең бай сегіз бизнесмен кім?
Сурет ЖИ көмегімен жасалды
Forbes Kazakhstan елдегі ең жас әрі дәулетті кәсіпкерлер тізімін жариялады. Рейтингке 44 жасқа дейінгі сегіз бизнесмен енген. Олардың қатарында тұңғыш президенттің немересі Нұрәлі Әлиев, Freedom Holding басшысы Тимур Турлов және «Ордабасы» футбол клубының болашақ иесі Шахмұрат Мүтәліп бар, деп хабарлайды Orda.kz.
Тізімдегі ең бай жас кәсіпкер – 38 жастағы Тимур Турлов. Ол жалпы рейтингте алтыншы орынды иеленді. Бір жыл ішінде 600 млн доллар жоғалтқанына қарамастан, Freedom Holding Corp. негізін қалаушының байлығын Forbes 5,2 млрд доллар деп бағалаған. Оның бизнес құрылымына банк, сақтандыру және инвестициялық компаниялар, сондай-ақ түрлі онлайн сервистер кіреді.
Рейтингке сондай-ақ 41 жастағы Нұрәлі Әлиев те енді. Ол 41-орынға жайғасты. Журнал оның дәулетін 280 млн доллар деп бағалаған. Әлиев Capital Holding пен Darmen Holding компанияларында үлеске ие, сондай-ақ Donatello қонақүй жобалары мен мейрамхана бизнесін басқарады. 2025 жылы ол «Транстелеком» компаниясынан шыққан.
Тізімдегі ең жас қатысушы – 35 жастағы Шахмұрат Мүтәліп. Ол Integra Construction KZ компаниясының бенефициары және 22-орынды иеленген. Forbes оның байлығын 482 млн доллар деп бағалады. Оның компаниясы Құрық портында нысандар, тұрғын үй кешендері, жолдар және әуежай инфрақұрылымын салумен айналысқан. Сонымен қатар сәуір айында Муталиптің құрылымы Көкшетауда стадион салатыны, ал кәсіпкердің өзі «Ордабасы» футбол клубын басқаруға алатыны белгілі болды.
Рейтингке 44 жастағы Ғалымжан Есенов те кірді. Ол 564 млн доллар байлығымен 19-орынға жайғасты. Бұрын Alatau City Bank-тің иесі болған ол қазір аграрлық бизнесті дамытып, «Транстелекомдағы» үлесті Тимур Турловқа сату мәмілесіне қатысып жатыр. Оның жұбайы Айжан Есім де тізімге енді – оның дәулеті 207 млн доллар деп бағаланған.
Сондай-ақ рейтингте 44 жастағы агробизнес өкілі Алмаз Әлсенов бар. Ол 204 млн доллармен 48-орынды иеленді. Оның негізгі активі – ауыл шаруашылығы өнімдерінің халықаралық саудасы мен логистикасымен айналысатын швейцариялық Harvest Group компаниясы. Сонымен бірге кәсіпкер Қазақстанда аграрлық жобаларды жүзеге асырып келеді.
42 жастағы Айғазы Құсайынов 132 млн доллар байлығымен 64-орынға жайғасты. Ол құрамына ҚазБСҚА, ҚАУ, колледждер мен жекеменшік мектептер кіретін Халықаралық білім беру корпорациясына иелік етеді. Бұдан бөлек, Verum Group арқылы мыс өндіру, құрылыс және агробизнес салаларында да жұмыс істейді.
Рейтингке 41 жастағы ресторатор Асқар Байтасов та енді. Ол 68-орынды иеленген. Forbes оның дәулетін 112 млн доллар деп бағалады. Ол 50-ден астам мейрамхананы біріктіретін ABR компаниялар тобын құрған және ABR Tech арқылы IT бағытын дамытып келеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық