Ақтауда бір жарым жасар баланы полиция қызметкері қағып кетті
Фото: Pexels
Қайғылы оқиға 13 мамыр күні облыс орталығының 27-шағынауданында болды. Жол талғамайтын көлік кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен, салдарынан сәби оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қызметтік көліктің тізгінінде құқық қорғау органы қызметкері болған. Ол 27-шағынаудандағы тұрғын үйдің алдындағы автожолда бір жарым жастағы ұл баланы қағып кеткен. Оқиға салдарынан сәби есін жимастан сол жерде көз жұмған.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі («Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Маңғыстау облыстық полиция департаменті қаза тапқан баланың туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлады полиция.
Ведомство мәліметінше, бұл оқиға департамент басшылығының ерекше бақылауына алынған.
Басылымға бейресми дереккөздің хабарлауынша, жүргізуші алкогольдік және наркологиялық сараптамадан өткен. Нәтижесінде оның алкоголь немесе психотроптық зат қолданбағаны анықталған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық