Президент және Халық Кеңесі туралы заң жобасы сәуірдің соңына дейін Тоқаевтың қарауына ұсынылады
Фото: Ақорда
Президент әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай жаңа Конституцияны іске асыру бойынша ведомстволарға бақылауды бекітіп, сәуір айының соңына дейін Тоқаевқа «Президент және Халық Кеңесі туралы» заң жобаларын ұсынуды тапсырды, деп хабарлайды Orda.kz.
«Қазақстан Республикасы президентінің 2026 жылғы 17 наурыздағы №1206 «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру бойынша бақылау бекітілсін» деп жазылған бұйрықта.
Сонымен қатар президент әкімшілігінің басшысы қол қойған бұйрықта құрылымдық бөлімдерге осы бекітуді мүлтіксіз әрі уақтылы орындауды қамтамасыз ету тапсырылып, бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөліміне жүктелетіні жазылған.
Құжатқа сәйкес, мәдениет және ақпарат министрлігіне 18 наурызға дейін 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданған Конституция мәтінін «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» мерзімді басылымдарында жариялау міндеті жүктелген.
Ал әділет министрлігіне наурыз айының соңына дейін:
«Референдумның орталық комиссиясы Қазақстан Республикасы Конституциясы мәтінін Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны – «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институтына» нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етуі тиіс» деген тапсырма берілген.
Президент әкімшілігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 30 сәуірге дейін президенттің қарауына бірқатар заң жобаларын әзірлеп, енгізуді қамтамасыз етуі тиіс. Олар:
- «Қазақстан Республикасы Президенті туралы» Конституциялық заң жобасы;
- «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заң жобасы.
Сонымен қатар, сол мерзімде (30 сәуірге дейін) Үкіметке Мәжілістің қарауына енгізу үшін мына заң жобаларын әзірлеу тапсырылды:
- «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасы;
- «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Конституциялық заң жобасы.
1 шілдеге дейін Үкіметке, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестендіру бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.
Бұдан бөлек, ең жақын апта ішінде – яғни, 7 сәуірге дейін Үкіметке Конституцияны ілгерілету жоспарын бекіту тапсырылды.
Оқи отырыңыз:
- Саясат Нұрбек президентке жаңа Конституцияның білім мен ғылым саласындағы әлеуеті жайында баяндады
- Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісі Тоқаевтың Таяу Шығыстағы күрделі жағдайда көрсеткен нық әрі дәйекті қолдауына алғыс білдірді
- Тоқаев Ресейдің жетекші мыс өндіретін компания басшысымен бірлескен инвестициялық жобаларды талқылады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық